Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

30 тоннадан аса қоқыс шығарылды: Атыраулық әйел пәтеріне 20 жыл бойы қоқыс жинап келген

Атыраулық тұрғын пәтерінде 20 жыл бойы қоқыс сақтап келген. Коммуналдық қызметтер оның пәтерінен 30 тонна қоқыс шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

30 тоннадан аса қоқыс шығарылды: Атыраулық әйел пәтеріне 20 жыл бойы қоқыс жинап келген

Әйелдің көршілері Атырау облысының әкімдігінің Tеlegram-арнасында пәтерлерінде егеуқұйрық қаптап кеткенін жазып, шағымданған.

Тұрғындардың сөзінше, әйел пәтерінде 20 жыл бойы қоқыс сақтаған. Жалғыз тұратын әйел еш жерде жұмыс істемейді, табысы жоқ. 

Екі жыл бұрын көршілері өз пәтерлерінен үлкен егеуқұйрықтарды байқаған. Артынша зиянкестердің 60 жастағы әйел тұратын пәтерден шығып жатқаны анықталыпты. 

30 тоннадан аса қоқыс шығарылды: Атыраулық әйел пәтеріне 20 жыл бойы қоқыс жинап келген

«Пәтерде екі бөлме бар. Олар қоқысқа толы. Ол жақын жердегі қоқыс жәшігінен үйіне түрлі қалдықтарды, қоқысты тасиды. Жиырма жылдың ішінде қалдықтар шіри бастады. Пәтерде егеуқұйрықтар өріп жүр. Біздің пәтерімізге де кіріп алып, балаларды шошытады», - дейді тұрғындардың бірі Александра Пак. 

30 тоннадан аса қоқыс шығарылды: Атыраулық әйел пәтеріне 20 жыл бойы қоқыс жинап келген

Шағым түскен күні Атырау әкімінің тапсырмасы бойынша жұмыс комиссиясы құрылып, оны әкімнің орынбасары Жұмабек Қаражанов басқарған. Жұмыс тобының мүшелері пәтерге барып, жағдаймен танысты. 

30 тоннадан аса қоқыс шығарылды: Атыраулық әйел пәтеріне 20 жыл бойы қоқыс жинап келген

«1959 жылғы Н. есімді азаматшаның жеке куәлігі жоқ болып шықты. Тек кеңестік үлгідегі құжаты бар. Жасына байланысты зейнетақы алмайды екен. Жұмыс тобының жетекшісінің тапсырмасы бойынша жергілікті полиция қызметкерлері әйелді қиын жағдайда қалған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырды. Ол жерде мамандар тиісті медициналық және психологиялық көмек көрсетіп, қажетті құжаттарын қалпына келтіріп, зейнетақысын рәсімдеумен айналысады. Артынша ол үйіне қайтып бара алады», - дейді қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басқарушысы Нұрлы Хабиева. 

30 тоннадан аса қоқыс шығарылды: Атыраулық әйел пәтеріне 20 жыл бойы қоқыс жинап келген

«Спецавтобаз» ЖШС-ның 10 қызметкері екі күннің көлемінде егде жастағы әйелдің пәтерін тазалаумен айналысты. Нәтижесінде жұмысшылар 30 тоннадан аса қоқысты  үш КамАЗ көлігімен шығарды. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Отбасымен есірткі сатқан: Героин саудасын қыздырған әкесі мен баласы ұсталды

14 ұялы телефон, 9 қапқа салынған 200 келіге жуық марихуана және сатуға дайындалған пакеттер тапқан

"Аллаһу акбар, астана біздікі": Қару-жарақтарын көрсеткен елордалық жігіттердің видеосы тарап кетті (видео)

Видеода қолына екі бірдей қару ұстаған жас жігіт "Астана біздікі, Аллаһу әкбар" деп күліп отыр

Құрғақшылық жайлауы мүмкін: Ғалымдар еліміз 10 жылдан кейін ауыз суға тапшы болатынын ескертті

Ғалымдар 2030 жылға қарай тіршілік нәрінен тарыға бастаймыз деп дабыл қақты

"Машинист кабинаға қысылып қалған": Екібастұзда теміржол апатынан 28 вагон аударылып қалған

Апат салдарынан 350 метр рельс жолағы да зақымданған

Бөренемен ұрып, пышақтап тастаған: Үш жасар қыз бен анасын өлтірген ер адамға үкім шықты

Марқұмның ағасы сот үкімімен келіспейтінін айтты

"Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама": Балғынбек Имашев бір әйелді "жетістіріп" алуға кеңес берді

Ақын: Айтысқа шықпауыма діннің еш қатысы жоқ

"Мама, үйге қайтайықшы" деді: Ауруханада көз жұмған 5 жасар қыздың отбасы дәрігерлердің жазалануын талап етті

Марқұмның әжесі: Өз аяғымен барған қызды мәйітханадан алып кеттік

Өзге қызбен ұстап алды: Әйел көзіне шөп салған жігітінің үйін өртеп жіберді

Ол үйді өртеу үшін төрт көршісінен бензин сұрап алған

Мамандар құрманың зиянын атады

Артында үш баласы қалды: Елордада ҰҚК қызметкері 12-қабаттан құлап мерт болды

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады
Çàãðóçêà...