Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"30 мың теңге": Айжұлдыз Адайбекова бір күндік шығынын есептеді

Желі жұлдызы, актриса Айжұлдыз Адайбекова бір күнде қанша теңге жарататынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Блогер оқырмандарымен сырласып, бір күнде қанша теңге жұмсайтынын сұрады. 

“Мысалы, бір күнде статистика бойынша адам 18 мың – 35 мың теңге аралығында ақша құртады. Менің ойымша орташа есеп: таңғы ас шамамен 2000 теңге, түскі ас 3000 теңге, кешкі ас – фастфуд 4000 теңге. Такси шамамен 6000 теңге (бару-қайту бір күнде), сосын жеке қалауларың бар, киноға бару, кездесу, заттар сатып алу дегендей. Осы 30 мың теңгені басқа қайда жұмсауға болады?", – деп жазды Айжұлдыз Адайбекова. 

 



Еске салайық түрлі жобалар арқылы төбе көрсетіп жүрген актриса жақында анасына құны екі миллион теңге тұратын сөмке сыйлаған еді. 

Сондай-ақ ақша табу қабілетін әкесінен дарыған қасиет екенін жасырмаған болатын.

“Ата-анасынан айырылғандарды қолдағым келеді. Сіздердегі сағынышты жақсы түсінемін. Бірақ ештеңе жайдан-жай емес. Бәрі – құдайдың бұйрығымен болатын дүниелер. Мінезім, тәуекелшілдігім, ақша табуым әкеме тартқан. Оған сол үшін алғыс айтамын. Қасымда болмаса да, өмір бойы оны, тәрбиесін сезіп келемін. Әке-шешені бағалаңыздар, құрметтеңіздер. Хабарласып, жақсы көретініңізді айтыңыздар", – деп кеңес айтқан еді блогер. 

Еске салайық, Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісінің видеограф Сәкен Кагаров екенін жасырмады. 

Талқылау