Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 жасар қыздың денесін тістеп тастап, мұрнын жұлып алған өгей әкесіне қатысты сот үкімі шықты

Алматы облысындағы Қарасай ауданының №2 сотында атышулы іске нүкте қойылды. 3 жастағы қыз баланың бүкіл денесін аяусыз тістелеп, мұрнын жұлып алған 1986 жылғы Ринат Қоңқабаев 8 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3 жасар қыздың денесін тістеп тастап, мұрнын жұлып алған өгей әкесіне қатысты сот үкімі шықты

Сот үкімі бойынша 3 жасар қыздың өгей әкесі жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге моральдық шығын төлеп беруі тиіс.

«Сотталушы  ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі, 3 және 11 тармақтары бойынша (Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру) кінəлі деп танылды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар жәбірленуші тарапқа 3 миллион теңге моральдық шығын төлеуі тиіс», – деп мәлімдеді Алматы облысы сотының баспасөз қызметі.

Қылмыскер жалпы тәртіптегі колонияда жазасын өтейтін болады.

Оқи отырыңыз:

Елімізде «Тұлпар-Тальгоның» бірқатар пойызының билеті екі есе арзандайды

Дәрігерлер қайран қалды: Алматы облысында ер адамның бүкіл ішкі ағзасының орны ауысып кеткен

Астанада екі мыңнан астам сәби тегін берілуі тиіс құрғақ сүттен қағылғалы аш қалды

Жантүршігерлік оқиға туралы мәлімет: Марқұм баланың туған анасы ұлын не үшін азаптап өлтіргенін айтты

Талқылау