Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"3 миллион теңгеге фэншуй, 37 миллион теңгеге көлік": Сотта Перизат Қайраттың анасының блокнотындағы жазбалар оқылды

перизат қайрат анасымен

Фото: Перизат Қайраттың жеке парақшасы

Сотта прокурор Арман Кезекен Перизат Қайраттың анасының телефонынан табылған жазбаны оқыды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ғайни Алашбаеваның телефонынан табылған тізім:

– 37 миллион теңге – көлік сатып алу;

– 5 миллион теңге – тіс емдеу;

– 10 миллион теңге – Түркияға барып емделу;

– 3 миллион теңге – БАД (биологиялық белсенді қоспалар) сатып алып ішу;

– 10 миллион теңге – қыдыру;

– 3 миллион теңге – фэншуй;

– 1 миллион теңге – бадзы оқу (қытай астрологиясы);

– 2 миллион теңге – офлайн қыдыру;

– 3 миллион теңге – киім сатып алу;

– 3 миллион теңге – ақ алтыннан жасалған гауһар білезік.

Фэншуй – өмірге қолайлы атмосфераны құруға бағытталған ежелгі қытай тәжірибесі. Яғни гармонияда, жағымды атмосферада өмір сүруге үйретеді.

Прокурордың айтуынша, Перизат Қайрат пен анасы мұндай қымбат заттар үшін ақшаны қайдан алғанын түсіндіре алмаған.

"Ол тек Астана мен БАӘ-дегі пәтерді сату, сондай-ақ ет өнімдерін сату туралы дәлелденбеген уәждерді ұсынды. Сотқа дәлелді ақпарат ұсынылмады", – деді мемлекеттік айыптаушы.

Еске салсақ, Астанада қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырған деп айыпталған Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр. 22 шілдеде сот жарыссөзі басталды. Прокурор Мадина Оразалина қайырымдылық атын жамылып пайда көргісі келетіндерге үндеу жолдады.

Прокурор Перизат Қайратты 10 жылға, Ғайни Алашбаеваны 8 жылға соттауды сұраған еді.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 22 Шілде, 2025 14:42
Талқылау