3 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған Перизат Қайраттың ісі сотқа берілді
Фото: Перизат Қайраттың желіге парақшасынан
Бас прокуратура Перизат Қайраттың ісі Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғани Алашбаева Қазақстан азаматтары мен ұйымдарынан 3 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталды. Бұл қаражат мүмкіндігі шектеулі балаларға, сондай-ақ Қазақстандағы су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстардан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсету сылтауымен жиналған.
Бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайрат пен анасы Ғани Алашбаеваға қатысты іс бойынша мәліметтерді жария еткен еді. Қылмыстық іс 109 томнан тұрады.
Маусым айында қаржы мониторингі агенттігі бұл істі бас прокуратураға жолдаған еді.
Перизат Қайраттың соты тікелей эфирде көрсетілуі мүмкін – Жоғарғы сот
Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаева әрекеттері сарапталып, олар аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырғаны үшін күдікті деп танылды. Қаржы мониторингі агенттігінің дерегіне сәйкес қылмыстық іс 100 томнан тұрады, әр томда 180 бет бар.