Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында заңсыз майнингпен айналысқандар 3 аудан орталығы тұтынатындай энергия жұмсаған

Қостанай облысында бірнеше азамат лицензиясыз заңсыз майнингпен "Bitcoin"қамтамасыз етілмеген цифрлық активін (криптовалюта) өндірумен айналысқан. Олар 3 аудан орталығы тұтынатындай элетр энергиясын жұмсап үлгерген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скринделген

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, заңсыз іспен айналысқандардың жалпы айналымы 100 миллион теңгеден асқан.

“Рудный қаласының аумағында бірқатар адам тиісті лицензиясыз заңсыз майнингпен "Bitcoin"қамтамасыз етілмеген цифрлық активін (криптовалюта) өндірумен айналысқаны анықталды. Олар 3 аудан орталығы немесе 27 орта мектеп немесе 13 аурухана тұтынатындай электр энергия көлемін пайдаланған. Бұл жергілікті электр желілеріне орасан зор салмақ түсірген”, – делінген хабарламада. 

Агенттіктің цифрлық активтермен айналысатын арнайы бөлімшесі заңсыз өндірілген "Bitcoin" түскен криптобиржадағы аккаунтарды анықтады. 



“Тінту нәтижесінде 150-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен(ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар, Wi-Fi роутерлер, ұялы телефондар мен ноутбуктер тәркіленді. Алдын ала есеп бойынша заңсыз қызметтен түскен қаржының жалпы айналымы 100 миллион теңгеден асады. Соттың санкциясымен күдіктінің мүлкіне және криптовалюта аккаунтында сақталған заңсыз өндірілген цифрлық активтеріне тыйым салынды”, – деді ведомство. 

Талқылау