28 жастағы қазақстандық келіншек күйеуінің көңілдестерінен әбден мезі болғанын айтты
28 жастағы Зарина ханым күйеуінің көңілдестерінен әбден мезі болғанын айтып жатыр. Күйеуі әрдайым кешірім сұрап алып, артынша бұрынғы әдетіне басады екен.
Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.
“Тұрмыс құрғаныма 5 жылдан асты. Бүгінде төрт жасар қыз тәрбиелеп отырмын. Екіншіме аяғым ауыр болғанына 3 апта болды. Күйеуіме бұл туралы әзірге айтпадым. Отбасын құрған кезде мен 23, ол 30 жаста болатын. Соңғы екі жыл ішінде арамыз суи бастады. Ол жұмыстан кешігіп, таң ата келуді шығарды. Оған қыздар жиі қоңырау шалады. Соңғы кезде, тіпті, үйге қонбайтын болды. Бір күні ауылдағы енеме барып келдім. Келген кезде күйеуімнің көлігі есіктің алдында тұрды. Ішінде бір қыз отыр екен. Ол туралы сұрап едім, әріптесі екенін айтты. Негізі сол сәтте сөзіне сендім. Жаңағы қыз маған күйеуіммен жүретінін айтып хат жазды. Артынша екеуінің құшақтасып түскен суреттерін жіберді.
Сол сәтте не істерімді білмедім. Күйеуім ол қыздың өзі жабысып жүргенін айтып ақталды. Арамызда ұрыс болып, асты-үстіме түсіп кешірім сұрады. Ол қызбен араласпауға уәде берді. Бірақ, жуырда екеуінің қайта кездесе бастағанын білдім. “Неге ол өзіне көңілдес тауып алды?” деген сауалды өзіме сан рет қойдым. Отбасын құрмай тұрған кезде арамыз жақсы болатын. Өмірге қызымыз келген соң өзіме дұрыс қарамай кеткен сияқтымын. Бір шетінен қателік өзімнен кеткен болар деп ойлаймын. Бірнеше рет опасыздық жасаса да, екеуіміз бірге тұрып жатырмыз. Уәде берсе де, мен одан әлі күнге дейін күдіктенемін. Бәрібір көңілдесі бар сияқты. Кешірім сұрап өзіне қаратып алады да, екі-үш айдан кейін бұрынғы әдетіне басады”, – дейді келіншек.
Психолог Марал Сарбасқызы дәл осындай проблеманың көптеген қазақ әйелдерінің басында болып жатқанын айтты. Ер азаматтарға отбасылық құндылықтарды түсіндіретін орталық ашуға шақырды.
“Кейбір әйел шамасы келгенше жағдайын жасайды. Екі жақ өз аттарына лайық болуы тиіс. Яғни ер азамат өзінің, әйел өзінің рөлін дұрыс атқаруы керек. Бұл кісінің жолдасының жауапкершілігі жоқ. Уәде беру, айта салу, оны бұза салу ештеңеге тұрмайды. Әдетте ер адамға міндет арқылы жауапкершілік келеді. Өзінің міндеттерін орындап үйренбеген адам, 40-50-60 жасқа келсе де өзінің іс-әрекетіне жауап бермейді. Біз көбінесе әйел адамға мін тағамыз. Бәрін ұмытып, кешірім беруге кеңес береміз. Ал мұндайда жан-дүниеміз қайда қалмақ? Күйеуіңнің басқа әйелге барып келгенін біле тұра қалай өзіңнен аттап кетесің? Әрине, мен Америка аштым деп айтпаймын. Бірақ, телефоныма дәл осы мазмұндағы хаттар көп келген. “Жаным күйіп жатыр. Не істесем болады? Қандай шешім қабылдаймын?” деген сұрақтар өте көп. Ер адамдарға әйелін бағалауға үйрететін орталық болса, жақсы болатын еді”, – дейді Марал Сарбасқызы.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Марат Омаров ата-анасы өзімен байланыстырмай қойған қойшы баласы үшін жылағанын айтты
Өмірден шаршаған бойжеткен тезірек тұрмысқа шығуды армандап жүр
23 жастағы бойжеткен омырауының “жоқтығынан” қысылатынын айтып қынжылды