Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

26 жастағы бойжеткен сөмкесіндегі есірткіні қатты желмен ұшып келген деп ақталды

АҚШ тұрғыны сөмкесіндегі есірткіні қатты желдің салдарынан ұшып келді деп ақталған. Бірақ оның дәлелдеріне полиция қызметкерлері сенбейтін көрінеді.

26 жастағы бойжеткен өзінен тәркіленген есірткіні қатты желмен ұшып, сөмкесіне түскен деп ақталды

Бұл туралы Fox News порталы хабарлады, деп жазады  Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға Флорида штатындағы Форт Пирсте орын алды. 26 жастағы Кеннисию Поси көлікті айдаған кезде өзінің бағытын ұстанбай, жол ережесін бұзғаны үшін оны полиция қызметкері тоқтатқан. Офицер көліктен есірткінің иісін сезіп, қыздың сөмкесін тінткен. Олар 26 жастағы бойжеткеннің сөмкесінен марихуана мен кокаин тәркілеген.

Поси марихуананың оған тиесілі екендігін мойындады. Бірақ кокаин үшін түрмеден бірақ шығатынын білген бойжеткен, оны өзінің заты емес екенін айтып жалтарды.

«Мен ешқандай кокаин туралы білмеймін. Ол терезе арқылы ұшып, сөмкеме түскен болуы керек»,- деп ақталды бойжеткен.

Нәтижесінде сот 26 жастағы Кеннисию Посиді кокаин мен марихуана ұстауғаны үшін айыптады. Дегенмен, ол кепілдікпен босатылды.

Оқи отырыңыз:

Миллиардер Илон Маск Google-дан Қазақстан президенті туралы мәлімет іздеді

Ыстамбұлда кеменің ғимаратқа соғылған сәтінің видеосы пайда болды (видео)

Жүкті болып қалған келіншек жұмысындағы кесте бойынша бала көтермегені үшін “өзімшіл” деп айыпталды

Талқылау