26 жастағы жігітті өзінің үйлену тойында әнді өзгертуді сұрағаны үшін ұрып өлтірген
Фото: Видеодан скрин
Үндістанда қалыңдықтың туыстары күйеу жігітті өз үйлену тойында би алаңында ән таңдағаны үшін өлтіріп тастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News Nine басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Үйлену тойында қонақтар би билеп, диджейдің әуенімен қалыңдықтың үйіне барған. Олар әндетіп, көңілді болған. Алайда 26 жастағы күйеу жігіт Ракеш Рам "әнді өзгертуді" сұраған кезде төбелес басталып кеткен. Күйеу жігіттің әкесі жанжалды тоқтатуға тырысқанымен, мас күйінде болған ашулы жігіттер ер адамды таяқпен ұра бастаған. Ракеш әкесін қорғамақ болғанда, тапаншаның дүмімен басынан соққы алған. Салдарынан қайтыс болған.
Полиция күдікті Вишал есімді жас жігітті ұстады. Оның қолында тапанша мен атыс оқтары бар екені анықталды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматылық әйел қызының өліміне күйеу баласын айыптап отырғаны туралы жазған едік.
Талқылау

"Күйеуім бала көтертпеу үшін вазэктомия жасатты": Екі баласымен корей азаматына күйеуге шыққан әйелдің өмірі қалай өзгерді
Кәріс азаматы әйелін жоспардан тыс жүктіліктен қорғау үшін ота жасатқан

Желіде қазақстандықтарды біздің өңірде күшті жер сілкінісі болады деп қорқытып жатыр: Болжам қандай?
Зерттеу орталығы бұлт арқылы болжайтын Telegram-арналарына сене беруге болмайтынын алға тартты