"250 мың доллар қажет": Белгілі журналист Жарылқап Қалыбай қатерлі дертке шалдықты
Фото: https://www.facebook.com/photo
“Аңыз адам”, “Жұлдыздар отбасы” журналдарының бес редакторы, журналист Жарылқап Қалыбай халықтан көмек сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, кезінде журналдарының таралымы жүз мыңнан асып, оқырмандар арасындағы бәйгеге 20 жылқы, түйе тігіп, дүркіреткен журналист қаржыдан қиналып қалған.
"Пәле 2014 жылы Путинді Гитлермен салыстырып шығарған журнал санынан басталды. Ұзаққа созылған соттасулар, одан кейін журналды таратпау мақсатындағы экономикалық қысымдар оны қаржылай шығынға батырды. Соған қарамастан, журналдар бес жыл бойы шығып тұрды. Ақыры жабылды, табыс көзі үзілді. Бірақ ол қаламын қолынан тастаған жоқ, әлеуметтік желі арқылы халықты саяси-ағарту жұмыстарымен шұғылданды. Нұрбиліктің әділетсіздіктеріне қарсы тұрды. Әділдік пен шындық үшін күресті. Талай жылғы талас-тартыс оңай емес, іштей депрессияға түсті. 2019 жылы ковидпен ауырып, әрең аман қалды. Қазір мүгедектігі үшін тағайындалған жәрдемақыға қарап отыр", – деп жазды әріптесі Рысбек Сәрсенбай.
-
Қазақстанда В және С гепатиттерін анықтау үшін жаппай тексеріс жүргізілмек
-
Кофе ішу жүз мыңдаған адамның өмірін қатерлі ісіктен құтқаратыны белгілі болды
Сөзінше, журналиске онкологиялық ауру – бауыр обыры (ГЦК – гепатоцеллюлярлі карцинома) диагнозы қойылған. Ол бір жылдан астам уақыт әртүрлі ем алып көрген. Алайда ауру асқына берген.
"Екі мини-операция жасатты. Нәтиже болымсыз. Қазақстан, Түркия, Үндістанда емделіп көрді. Есесіне, дәрігерлік шешім анықталды. Жарылқап қанша қашса да құтылмады. Бауыр трансплантациясын жасатпаса болмайды. Осыған дейінгі диагностика мен емге қыруар ақша кетті. Отбасы қаржысы таусылды. Күрделі операцияны Оңтүстік Корея онко-хирургтарының жасауына сенім көрсетті. Операция және одан кейінгі кезеңнің шығынына 250 мың доллар керек", – деді қоғам белсендісі.
Көмек көрсетемін деген қайырымды азаматтар үшін төменде арнаулы банк шоты ашылды.
АО Kaspi Bank
CASPKZKA
Карта нөмері: 4400430225762233
Теңгемен.
АҚШ долларымен:
KZ40722C000024985182
Қалыбай Жарылқап Сейдләұлы.
Каспи голд телефоны: +77014410244.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
