Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"200 мың теңге аудардым": Қымбат тортқа тапсырыс беріп, ақшасын төлемей қойған блогер сараптама жасатқан

600 мыңдық торт

Фото: Аселина Батырдың жеке парақшасы

600 мың теңге тұратын тортқа бағасын білмей тапсырыс беріп, кейін төлемей қойған Аселина Батыр торт құнын бағалау үшін сараптама жасатқан.

Тәуелсіз сараптама тортты 250-300 мың теңгеге бағалады дейді.

Тауар беру кезінде баға жарияланбағандықтан, жанжалды шешу үшін тауарды тәуелсіз сараптамалық бағалау құқығын пайдаландық. Мамандардың айтуынша, торт 250-300 мың теңгеге бағаланады. Тексерістен кейін кондитер шотына қалған 200 000 теңгені аудардық. Торттың жалпы құны – 300 000 теңге. Егер бұған келіспесе, дауды заңға сәйкес шешуге дайынбыз”, – деді блогер Аселина Батыр.


"Гүлге тапсырыс беріп, ақшасын төлемеген": Атырауда танымал блогер алаяқтық жасағаны үшін сотталды


Сөзінше, кондитер ақшаны қабылдамай, қайта аударып жіберген. 

“Біз кондитерден чектерді, шот-фактураларды, АВР талап ету заңды деп санаймыз. Істі қарау кезінде маңызды барлық сараптама мен басқа да құқықтық құжаттарды жариялауға болмайды. Сот процесі аяқталған соң оларды міндетті түрде парақшама саламын”, – деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық блогердің 600 мың теңге тұратын тортқа тапсырыс беріп, ақшасын төлемей қойғаны туралы жазған едік. Кейін қазақстандықтар кондитерге көмектесіп, ақшаны жинап бере бастады.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 14 Тамыз, 2025 16:38
Талқылау