"25 жыл өтіпті": Желіде Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың үйлену тойындағы фотосы тарады
Желіде Айгүл Иманбаева мен экс жолдасы, актер Сәбит Әбдіхалықовтың үйлену тойындағы фотолары жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.youtube.com/watch?v=8_9ogPCFnhM
Өнер иесі жақында екінші рет тұрмысқа шығып, найман еліне келін болған еді.
Архивтегі фотоларды іздеп тауып, жарыққа шығарған – журналист, тележүргізуші Динара Сәтжан.
“Екі жыл бұрын Айгүлдің туған күнінде тілек айтып, тұрмысқа шығып бақытты бол деп едім. Сол күн орындалды. Бірақ мені тойына шақырған жоқ. Кейде Айгүлге үйленген кезімді ұмытып қаламын”, – деді актер Сәбит Әбдіхалықов.
-
"Әкемді жерлегеніне бір апта болып еді": Айгүл Иманбаева не себепті ұлына той жасамағанын түсіндірді
-
"Балалы болуға дайынмын": Айгүл Иманбаева екінші некесінен сәби сүйгісі келетінін жасырмады
Одан кейін 25 жыл бұрынғы үйлену тойдың оқиғасын Айгүл Иманбаева айтып берді.
“Кезекті киномызға идея келіп отыр. Осылай екеумізді үйлендіріп, тағы бір кино түсіруге болады екен. Сәбит екеуміз бір жарым жыл ғана бірге тұрдық. Асылжан алты айға толғанда ажырасып кеттік. Бұл да бір естелік екен. 25 жыл өтіпті”, – деді әнші.
Фото: https://www.youtube.com/watch?v=8_9ogPCFnhM
Еске салайық, "Келіншегінің қолынан шай ішіп, үйіне барып тұрамын" деген Айгүл Иманбаева экс жұбайы Сәбит Әбдіхалықовпен қарым-қатынасын айтып берген еді.