"Минус 25 градус аяз, қар, бұрқасын": Синоптиктер алдағы күндері ел аймақтарында күн суитынын айтты

Қазгидромет Қазақстан бойынша 15-17 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Көп аймақта қар жауып, бұрқасын болады, аяз болжанып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағында антициклонның әсерінен ауа райы өзгереді.
“Бұл республика бойынша ауа температурасының төмендеуіне себеп болады. 15 қаңтарда елдің солтүстігі мен шығысында түнде ауа температурасы 30–40 градусқа дейін төмендеп, аяз болады. Оңтүстікте түнгі температура 5–13 градус аяз болса, оңтүстік-шығыс өңірлерде 8–17 градус аяз болжанып отыр. Ал таулы аймақтарда 20–25 градус аяз болады.
Қазақстанның оңтүстігінде 15–16 қаңтарда қар түрінде қатты жауын-шашын түсіп, бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін. Ал елдің оңтүстік-шығысында 16–17 қаңтарда қалың қар жауып, бұрқасын, тұман және көктайғақ болжанды”, – делінген хабарламада.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды