24 жастағы қыз Қытайдағы ең жас миллионер атанды (фото)
24 жастағы Чжан Цзэтянь Қытайдағы ең жас миллионер атанды. Ол 2017 жылдың мамыр айында Chinese New Fortune журналының тізіміне енген.
Қытайда өз еңбегімен миллионер атанған қыздар көп. 2009 жылы Чжанның бір кесе шай ұстап түскен суреті кең тарап кетті.
2011 жылы Чжан Қытайдағы Цинхуа университетіне оқуға түседі. Бір жыл Нью-Йорктегі Барнард-колледжінде ауысып оқыды.
Сол жақта өзінен 19 жас үлкен Лю Цяндунмен танысады. Олар ұзақ жылдар бойы бір бірін курстасым деп келген. Олар 2015 жылы үйленді.
2014 жылы Чжан Нанкин қаласында жазғы жасөспірімдер олимпиадасының промовидео ролигіне түседі. Алайда жұлдыз атағынан бас тартып, режиссер Чжан Имоудың фильміне түсуге жасаған ұсынысын қабылдамайды.
Оның күйеуі ю ең бай адамдар ішінде 16-орында тұр. Ал әлемдегі байлардың ішінде 174-орында.
Ол JD.com интернет компанисының бас директоры. Компания Alibaba.com компаниясының бәсекелесі.
2016 жылдың наурыз айында жұптың тұңғышы өмірге келді. Олар Bubs Australia, қытайлық Uber, өзге де компанияларға ақша аударған.
JD.com компаниясының табысының бір бөлігі 24 жастағыЧжанға тиесілі. Ол компанияның дамуына зор үлес қосқан.
Чжан сән әлеміндегі соңғы үлгілермен киінеді.
Америкалық дизайнер Айрис Апфель мен бірге
Тағы да оқыңыз:
Ата-анасы күштеп күйеуге бермек болған қырғыз қызы жындыханаға түсті
Мәскеуде қырғыз жігіт ұйқыдағы ресейлік әйелдің аяғын сүйіп жатқан жерінен ұсталды
Фотограф британдық модельді ұрлап кетіп аукционға қойды (фото)