Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данагүл Темірсұлтанова актриса қызының жігітпен кездесіп жүргеніне байланысты пікір білдірді

 Алғашқыда отандық сериалдардың біріне түскен Айым кейін инстагам жұлдызына айналды.  Бүгінде жас актриса ата-анасының арқасында танылды деген сынға қалды. Данагүл Темірсұлтанова Stan.kz тілшісіне сұхбат беріп, қызын сынға алғандарға жауап берді.

Ол актер Азат Сейітметов пен актриса Данагүл Темірсұлтанованың қызы. Бұрымды бүгінде инстаграмда оқырманы ең көп  вайнерлер командасымен жұмыс істеп жүр.

Тіпті жақында Баян Алагөзовамен вайн түсіріп, ғаламторды дүр сілкіндіргені тағы бар. Бірақ бойжеткен тынбай еңбек етсе де, көпшілік танымал әке-шешесінің арқасы деп топшылайтын көрінеді. Айым Сейітметова – жас актриса.

Ал қызының ту сыртынан тон пішіп, жағымсыз жазба қалдырғандарға Айымның анасының айтары бар.

«Түсінікті ғой. Ата-анасы сол салада жүр. Көмектескен шығар деген сияқты пікірлер айтып жатады. Көрермен не айтса оны айта берсін. Шынымды айтайын, «Адамнан жасырғаныңды, Алладан қалай жасырасың» – дейді ғой.

 Біз оның әртіс болғанына қарсы болдық. Оны мен жүрген жерімде де айтып жүрмін. Біз балаларды кішкентай кезінен театрға жолатқан жоқпыз. Ешқандай киноларға, кастингтерге мен жіберген жоқпын.

 Айымға актриса болмайсың, журналистикаға бар, тіл маман бол, басқа саланы таңда дедік. Бірақ өзі 11- сыныпты аяқтағанда Өнер академиясына барамын деді. Мен оған: «Жоғары бал алсаң түсесің, алмасаң мен сені оқытпаймын» – деп айттым.

Құдайға шүкір, грантақ түсті. Кейін «Жібек» деген сериалға кастинг арқылы өтіп кетіпті. Тіпті режиссер менің қызым екенін де білмеген», – дейді Данагүл Темірсұлтанова.

Ғаламтор жұлдызына айналған Айым ата-анасының көмегіне зәру емес. Бүгінде өз бетінше еңбектеніп жүрген сұлуды, бала кезден Данагүл ханым дәл солай тәрбиелегінен айтады.

«Айым өз бетімен өмір сүріп келеді. Кезінде менде Оралдан келгенде, ағамда, жағамда, ешкім болған жоқ. Сондықтан мен оған өзімнің өмірімді айтамын. Салыстырмалы түрде. Жұмыс жаса, еңбектен.

Адам солай болуы керек. Ертең көздеріңді бозартып, күйеуіңнен ақша сұрап, көздерің бозарып отырмасын. Өздеріңнің опа-далаптарыңа өздерің ақша табуларың керек деп айтып отырамын. Мамам мені мысалға солай тәрбиеледі. Ол ер азаматтан биік тұру деген мақсат емес», – дейді Данагүл ханым.

Айымның көңіл жарастырып жүрген жігіті де бар көрінеді. Ол отандық кинонарықтағы жас актермен көңіл жарастырып жүр деседі. Бірақ жұлдызды ата-ана қызының қалыңдық атануына қарсылық білдіріп отыр.

«Жасы 20-ға енді толды. Қайдағы тұрмыс құру? Рұқсат бермеймін әлі. Әуелі оқуын бітірсін. Әлі 3 курста оқиды. Оқуында бітірген жоқ. Сүйіктісін кездестіріп тұрса көрерміз. Мен алдын-ала болжағанды жек көремін. Көреміз әлі», – дейді Айымның анасы.

Талқылау