Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"22 жаста еді": Тамара Асардың күйеуінің бірінші некесінен туған ұлы неден қайтыс болғаны белгілі болды

тамара асар Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/

Продюсер Жан Мұқанов әнші Тамара Асардың жолдасының бірінші некесінен туған ұлы Әлішердің неден қайтыс болғанын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Әлішерді жер қойнына тапсырдық. 22 жаста еді. 8 қараша күні Қостанайда Жұмаштың ұлы Әлішердің қырық күні өтеді. Бәрі білсін – қаны бір болуы маңызды емес, ең бастысы – жүрек байланысы. Әлішер Тамара Асардың туған ұлы емес. Алайда осы жылдар ішінде туғандай болып кетті. Ол да Қамбар секілді олардың ұлы. Жұмаш пен кішкентай қыздары – Ажардың ағасы.

Көп адамының оның қалай қайтыс болғанын сұрап жатыр: Ақтөбеде көлік қағып кетті. Досының үйлену тойына барған еді”, – деп жазды продюсер.



Айта кетейік, қаралы хабарды Қостанай облысы, Наурызым ауданының әкімдігі хабарлады.

“Белгілі кәсіпкер Жұмаш Бекмырза мен оның жұбайы Тамара Асардың ұлы Әлішердің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Бұл орны толмас ауыр мезгілсіз қаза. Қайғыға ортақтасып, туған-туыстары мен жақындарына сабыр тілеймін. Алла тағала марқұмның жанын жәннаттан қылсын, артында қалғандарына күш-қуат, сабыр берсін”, – деп жазды Наурызым ауданының әкімдігі.

STAN.KZ
Сейсенбі, 07 Қазан, 2025 12:49
Талқылау