21 қарашада Қазақстан бойынша дабыл жүйесі қосылады
21 қарашада бүкіл ел бойынша дабыл қосылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pexels.com
Ертең, 21 қарашада сағат 11:00-де Қазақстан бойынша дабыл жүйесі іске қосылады.
Төтенше жағдайлар министрлігі қызметтердің қыстағы төтенше жағдайларға дайындығын тексеру бойынша жоспарлы оқу-жаттығулар өткізеді.
Айта кетейік, бұған дейін 17 қазанда қалада жедел құлақтандыру жүйесі тексерілетіні хабарланған еді.
Онда алғаш рет iOS операциялық жүйесін пайдаланушыларға хабарлама жіберілетіні айтылған. Сынақ хабарламалары "Президенттік ескерту" немесе "Ұлттық ескерту" белгісімен келетіні жазылған.
iPhone қолданушыларына хабарламаларды алу үшін құрылғыларын iOS 18 нұсқасына "Баптаулар – Негізгі – Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту" батырмасын басып, жаңалау керек делінген.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан үкіметі қазақстандық кәсіпкерлерге берген уәдесін неге орындамады?
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр