-21 градусқа дейін: Алматы әкімдігі қалада ауа температурасы күрт төмендейтінін ескертті

Фото: pixabay.com
Алматы әкімдігі келесі аптада ауа температурасы күрт төмендеп, -21 градус аяқ болатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Метеорологиялық қызмет пен жергілікті болжамға сүйенсек, Алматыда алдағы күндері ауа райы күрт бұзылып, апта басындағы жылымық біртіндеп бәсеңдеп, соңы қарға ұласып, шыңылтыр аяз орнайды.
7 желтоқсан
Күн бұлтты, жауын-шашын жоқ.
Шығыстан жел соғады 3-8 м/с.
Күндіз: +4…+6°С, түнде: –1…–3°С.
8 желтоқсан
Күн ала бұлтты, кей жерде қырбақ қар немесе ұсақ мұз түйіршіктері түріндегі аздаған жауын-шашын түсуі мүмкін.
Оңтүстік-батыстан жел соғады 5-10 м/с.
Түнде: –2…–4°С, күндіз: +2…+4°С.
9 желтоқсан
Күн бұлтты. Айтарлықтай жауын-шашын жоқ (кей жерде аздаған қар жауады)
Оңтүстік-батыстан жел соғады 5-10 м/с.
Түнде: –8…–10°С, күндіз: 0…+2°С.
10 желтоқсан
Күн бұлтты, аздап қар жауады. Аяз едәуір күшейеді.
Солтүстіктен жел соғады 3-8 м/с.
Түнде және күндіз: –7…–9°С. Түн ортасында күн одан сайын суытып, –18…–21°С-қа дейін төмендейді.
11 желтоқсаннан бастап күн ашық, үскірік аяз орнайды.
Түнде –10…–12°С, күндіз –4…–6°С.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік