Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"+20°С-қа дейін көтеріледі": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын айтты

ауа райы  алдағы күндер Фото: freepik.com

Қазгидромет еліміз бойынша 16-20 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері елдің бірнеше аймағында ауа температурасы көтеріле түседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің бірнеше аймағында күн жылығанымен елдің солтүстігі мен оңтүстіктің таулы аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және желдің күшеюі болжанған. Республика бойынша тұман болуы ықтимал.



Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде +10, +15°С-қа дейін, оңтүстікте +15, +20°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік пен шығыс өңірлерде +3, +8°С шамасында болады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 16 Наурыз, 2026 13:10