2031 жылдан бастап МӘМС төлем қабілеттілігін жоғалтуы мүмкін
Жоғарғы есеп палатасының мүшесі Нұрлан Нұржанов 2026 жылға қарай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жылдық кірісі оның шығыстарынан асып түсетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Үкімет отырысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры болашақта тиімсіз болатыны айтылды. 2031 жылдан бастап қор өз міндеттемелерін орындай алмайды екен.
Нұржановтың айтуынша, 2022 жылы қорға 1,2 триллион теңге түсіп, 960,7 миллиард теңге игерілсе, 2023 жылы актив 1,4 триллион теңгеге дейін өсіп, 1 триллион теңге жұмсалған. 2022 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялық кіріс – 66,7 млрд теңге, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 113,4 млрд теңге. Сонымен қатар қордың қазіргі қаржылық моделінің болжамдарына сәйкес, алдағы бес жылда міндетті медициналық сақтандыру жүйенің тұрақсыздығына әкеледі.
"Қордың болжамды түсімдері мен шығыстары бойынша 2026 жылға қарай жылдық шығын түсімдерден асып түседі, ал жинақталған активтерді есепке алғанда қор 2031 жылдан бастап өз міндеттемелерін орындай алмайды. Қор өзінің қаржылық моделінде 2026 жылдан бастап 2031 жылға қарай инвестициялық кірісі нөлге түспек", – деді жоғарғы есеп палатасының мүшесі.
Оның айтуынша, аудит міндетті медициналық сақтандырудың қаржылық моделі бойынша түсімдер болжамын қалыптастыру кезінде демографиялық болжам емес, халықтың орташа өсімі пайдаланылған.
Сонымен қатар инвестициялық кірісті есептеу кезінде қаржы құралдары бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі 13,54% орнына 11%-ға дейін төмендетілді.
Аудит 2022-2023 жылдарға арналған қаржы моделінің кіріс және шығыс бөліктерінің 351,1 млрд теңгеге дұрыс қалыптаспағанын анықтаған.