Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2028 жылы Алматыда ауа қазіргіден екі есе таза болады - Дархан Сатыбалды

Фото: air.org.kz

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды мегаполистегі ауаның ластану деңгейін 2028 жылға қарай екі есе азайту жоспарланып отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әкімнің сөзінше, қала экологиясын, көлік жүйесін және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ірі жобалар қолға алынған.

Сондай-ақ әкім қалада 100 шақырымнан астам жылдам жүретін автобустық BRT желілерін салу, сондай-ақ ЛРТ мен метро жобаларын қайта бастау жоспарда бар екенін атап өтті.

Қаладағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 орталықтары газға көшіріледі, бұл ауаны ластайтын шығарындыларды 80%-ға азайтады. Сонымен қатар 2026 жылы Қазақстандағы бірінші қалдықтарды энергияға айналдыратын зауыттың құрылысы басталмақ. Зауыт тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қоқысты өңдеп, қалдықтарды электр энергиясына айналдыра алады деп жоспарланған.

Еске салсақ, бұған дейін ауаны қорғау мақсатында Алматыда отшашу атуға, от пен көмір жағуға тыйым салынатыны туралыжазған едік.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 15 Қазан, 2025 22:29
Талқылау