2026 жылы Қарағанды облысында Tele2/Altel компаниясының 645 базалық станциясы жұмыс істейді

Tele2/Altel телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін тағы бір меморандумға қол қойды. Оператор Қарағанды облысының әкімдігімен келісімге отырып, өңірде байланыс пен интернеттің қолжетімділігін арттыруға бағытталған ірі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Елдің ірі операторы әр өңірде цифрлық ортаны жақсарту және инфрақұрылым нысандарын салу бойынша жоспарлы жұмыстарын жалғастырып келеді. Tele2/Altel әрқашан жергілікті билік органдарының қолдауына ие болып жүр. Ал Қарағанды облысы – оператормен меморандумға қол қойған кезекті аймақ. Меморандумда жақын уақытта іске асырылатын желіні дамыту жобалары мен бастамалар көрсетілген. Келісімді талқылауға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Tele2/Altel басқарма төрағасы Александр Бабичев қатысты.

Tele2/Altel желіні дамыту жұмыстарын жалғастырып, пайдаланушылар мен кәсіп үшін де жаңа мүмкіндіктер ашып келеді. Оператор ең жақсы қызмет пен жылдам интернет үшін инфрақұрылымға инвестиция жасауға дайын. Биыл Қарағанды облысында 80-нен астам жаңа базалық станция іске қосылады. Олардың басым бөлігі – 5G базалық станциялары. Сонымен қатар оператор облыстағы шамамен 70 базалық станцияны жаңартады.

"Қарағанды облысында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін инвестициялық бағдарламамызды кеңейтіп келеміз. 2026 жылы инвестициялар көлемі екі есе ұлғайтылады. Биыл бүкіл облыс бойынша ірі жұмыстар жоспарланған. Соның ішінде байланыс жетіспейтін аймақтарда кедергі (ақ дақты) жою да бар. Басты жобалардың қатарында – Саран қаласындағы, соның ішінде индустриалды аймақтағы желі қамтылуын жақсарту, сондай-ақ Балқашта байланыс сапасын күшейту бар. Арнайы назар 5G желісін кеңейтуге аударылған. Мысалы, жақында Қарқаралы қаласында 5G іске қосылды. Осылайша жыл соңына дейін облыстағы базалық станциялардың жалпы саны 645-ке жетеді", – деді Tele2/Altel басқарма төрағасы Александр Бабичев.

Қарағанды облысының әкімдігі бірлескен жобаларды іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуді жоспарлап отыр. Бұл жауапты қызметтер мен байланыс операторы арасындағы өзара әрекеттестікті үйлестіруді, сондай-ақ инфрақұрылымға арналған жер учаскелері үшін рұқсат қағаздарын рәсімдеуді жеделдетуді қамтиды. Сондай-ақ "энергетикалық мәселе" маңызды бағыт ретінде белгіленді. Яғни электр қуатына қосылуға рұқсат беру және инженерлік желілерге қосылу процесін жеңілдету мәселелері басты назарға алынды.
"Біз Tele2/Altel компаниясының жоспарларын оң бағалаймыз. Бүгінгі таңда желіні дамыту мен жоғары жылдамдықты байланысты кеңейту маңызды. Себебі бұл инвестиция тарту, шағын және орта бизнес пен туризмді дамыту, сондай-ақ барлық салаларда цифрлық шешімдерді енгізу үшін негізгі фактор. Өз тарапымыздан жергілікті деңгейде барлық қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз", – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Меморандумға қол қою тараптардың Қарағанды облысының цифрлық экожүйесін бірлесе дамытуға деген ниетін бекітті.
Tele2/Altel – Қазақстандағы ең ірі мобильді байланыс операторларының бірі. Өткен жылдан бері компания Қатардағы Power International Holding холдингінің құрамына кіреді. Бұл холдинг жеті негізгі салада: энергетика, құрылыс, жылжымайтын мүлік, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіп пен азық-түлік өндірісі, ойын-сауық пен өмір салты индустриясы, сондай-ақ телекоммуникациялар мен технологиялар бағытында жұмыс істейді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Tele2 халықаралық SpeedChecker Champion Award сыйлығын "Қазақстандағы ең жылдам мобильді байланыс" номинациясында жеңіп алды. Сол кезеңге дейін компания Ookla Speedtest Awards сыйлығын бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша "Қазақстандағы үздік 5G желісі" номинациясында алған.