2026 жылы Астанада жүргізушісіз таксилер пайда болмақ
Фото: Pandaily.com
Қазақстанда жүргізушісіз автокөліктерді енгізуге дайындық жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта мамандар мұндай көліктердің қалаларда қауіпсіз жүруі үшін қандай нормативтік-құқықтық актілерді өзгертіп, инфрақұрылымды қалай жетілдіру керектігін зерттеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Цифрлық даму министрлігінің өкілдері хабарлағандай, осы мақсатта жүргізушісіз көліктің пилоттық сынағы өткізілген. Көлікті қысқы жағдайда жол белгілері жоқ, төмен температурада және нақты қалалық ортада тестілеу жүргізілген. Астана мен Алматыдағы кейбір бағдаршамдар арнайы чиптермен жабдықталған, олар сигналдардың өзгерісін автокөліктерге жеткізеді.
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун жүргізушісіз көліктер қашан қолданысқа берілетіні белгісіз екенін айтты.
"Біз бұл тосынсыйды қазір жарияламаймыз, оны келесі жылға дайындап жатырмыз. Толық пилоттық режимді іске қосқаннан кейін белгілі болады. Бірінші сынақты адамдар көлікті жүргізіп үйренетін автоХҚКО аумағында өткіздік. Келесі жылы жүргізушісіз автокөліктерді қаланың басқа учаскесінде пилоттық режимде іске қосу жоспарланған", - деді ол.
Министрліктің хабарлауынша, жүргізушісіз көліктерге арналған инфрақұрылым жартылай дайын, кейбір техникалық және нормативтік мәселелерді шешу керек.
Әуежайда әйелдің өмірін сақтап қалған Мұса Әбдірайым – “Жыл адамы 2025” атанды