2026 жылғы мундиальда матч тағдыры пенальтисіз шешілуі мүмкін

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында матч тағдырын шешетін пенальтилердің орнына жаңа формат енгізілуі ықтимал. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
FIFA өкілдерінің мәліметінше, Халықаралық футбол қауымдастықтары кеңесі (IFAB) турнирдің плей-офф кезеңдеріндегі тең аяқталған матчтарда 11 метрлік соққылардың орнына альтернативті әдіс қолдану мүмкіндігін қарастыруда. Қазіргі уақытта бірнеше жаңа нұсқа талқыланып жатыр, соның ішінде MLS лигасында 1990-жылдары қолданылған "дриблингтен кейінгі соққы" форматы да бар.
Жаңа ережелер футболдағы әділдік пен тартысты арттыру мақсатында қолға алынуда. Қабылданатын шешімдер жақын арада ресми түрде жария етілуі мүмкін.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді

