Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2026 жылдан бастап жаңа пәтерін екі жылға жетпей сатқандар салық төлейді

пәтерді жалға беруФото: ingos.ru

2026 жылғы қаңтардан бастап енді алған пәтерін екі жылға жетпей сатқандар мемлекетке ақша төлейді. Қосылған бағаға 10% мөлшерінде табыс салығы салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік кірістер комитеті басшысының орынбасары Айгүл Аббасованың мәліметінше, бұл тәртіп жылжымайтын мүліктің барлық түріне қатысты. 

"Айта кететіні, 2026 жылдан бастап жеке табыс салығының прогрессивті шкаласы енгізіледі. Мысалы, баспананы сату кезінде 36 миллион теңгеден артық қосылған бағаға салық мөлшері 15% болады. Ал 36 миллион теңгеден төменге 10% мөлшерінде салынады", – деді Айгүл Аббасова.

Қаңтардан бастап Қазақстанда азаматтар алған жылжымайтын мүлікті екі жылға жетпей сатса, мемлекетке табыс салығын төлеуге міндетті болады. Бұл ереже жылжымайтын мүліктің барлық түріне қатысты. Бұған дейін үйді салықсыз сату үшін тек 1 жыл күту жеткілікті еді.


Астанада бір пәтер 7 рет сатылған: Алаяқтарға алданған тұрғындар үйінен айырылып қаламыз деп отыр


Енді елімізде тұрғын үй иелері баспананы күтіп ұстау ақысын үшке бөліп төлейді


Еске салайық, бұған дейін вице-министр пәтерін жалға беріп, бірақ салық төлемейтіндерді қалай анықтайтынын айтты. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қазақстандықтарды пәтерін жалға беріп, салық төлемеуден “көлеңкеден шығару” шаралары туралы айтты. Министрлік жеңілдетілген салық режимдерін енгізіп, камералдық бақылау арқылы деректерді салыстырады. Арнайы салық режимі арқылы жылына бір рет декларация тапсыруға мүмкіндік қарастырылған. Бұл шаралар тек салық жинаумен емес, заңсыз тіркеусіз тұрғындарды анықтауға да бағытталған.

Айым Атамбаева
Сенбі, 25 Қазан, 2025 11:44
Талқылау