2026 жылдан бастап бірнеше баспанасы бар азаматтарға салық қымбаттайды
Фото: istockphoto.com
2026 жылдан бастап атында бірнеше пәтері бар азаматтарға салынатын салық мөлшері артпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, енді салық мүлектердің жалпы құнына қарай есептелмек. Атында бірнеше жылжымайтын мүлкі бар азаматтардың баспаналарының жалпы құны 450 миллион теңгеден асса, оған 2% мөлшерінде салық салынады. Яғни, үйі мен жер телімі 450 миллион теңгеге бағаланса меншік иесі мемлекетке жыл сайын 9 миллион теңге төлеп отырады. Ал жалпы құны бұл сомаға жетпесе салық әр мүліктің бағасына қарай есептеледі.
Комитет өкілдерінің айтуынша, салық салынатын мүліктің құны нарықтағы бағаға қарамайды, оны "Азаматтарға арналған үкімет" есептейді екен. Мемлекеттік корпорация есептеген баға нарықтан едәуір төмен болады дейді мамандар. Мысалы, үйді 20 миллион теңгеге алсаңыз, оны "Азаматтарға арналған үкімет" 6 миллион деп бағалауы мүмкін екен.
Жаңа Салық кодексінен кейін кімдер декларация тапсыратыны белгілі болды
Қазақстанда ең қымбат баспана қай өңірде
“450 миллион теңге көлеміндегі меже тым жоғары. Себебі екінің бірінде ондай бағада мүлкі жоқ. Сол себепті бұл жаңашылдықтан өзгеріс көріп тұрған жоқпын. Қазынаға қосымша қаржы түспейді. Ал 450 миллион теңгеден асатын мүлкі бар адам салық төлеуге қиналмайды деп ойлаймын”, – дейді салық сарапшысы Айдар Масатбаев.
Сарапшы пікірінше, жеке "сән-салтанат салығын" енгізу көзделмеген жаңа кодекстегі белгіленген салық мөлшерлері экономикалық емес, саяси мәнге ие. Айта кетсек, құны 70 миллион теңгеден асатын көліктерге келесі жылы 7 миллион теңге, 500 мың теңгеден қымбат шарап пен 10 мың теңгеден жоғары темекіге 10 пайыз мөлшеріне салық есептелмек.
Еске салсақ, бұған дейін жаңа Салық кодексіне байланысты Қазақстанда пәтер сату қиын әрі қымбат болатыны туралы жазған едік.

"Мықты еркек қана көп әйел ала алады": Тоқал болуға келіскен қазақстандық өмірінен сыр шертті
