2026 жылдан бастап айыппұлдар мен утиль алым 10 пайызға өседі
Фото: istockphoto.com
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап айыппұлдар мен утиль алым 10%-ға өседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкімет "2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын дайындады. Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 325 теңге болады, бұл қазіргіден 10%-ға жоғары (биылғы 3 932 теңге). Айлық есептік көрсеткішпен бірге көлік жүргізушілері төлейтін төлемдер де өседі.
Мәселен жылдамдықты 10-20 км/сағ асырған, қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілер төлейтін танымал 5 АЕК айыппұл мөлшері 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 19 660 теңгеден 21 625 теңгеге өседі.
Утиль алымының базалық мөлшерлемесі де (50 АЕК) 196 600 теңгеден 216 250 теңгеге өседі. Осыған сәйкес қозғалтқыш көлемі 1000 текше см-ден аспайтын жеңіл көліктерді елге кіргізу үшін 324 375 теңге төлеуге тура келеді. Қозғалтқыш көлемі 1001–2000 текше см-ге дейінгі көліктер үшін қазынаға – 756 875 теңге, 2001–3000 текше см-ге дейінгі көлік үшін – 1 081 250 теңге, 3 литрден жоғары көлік үшін 2 486 875 теңге төленуі тиіс.
1 қаңтардан бастап сақтандыру полисінің құны да артады. Өйткені базалық сақтандыру сыйақысы айлық есептік көрсеткішке байланысты – 1.9 АЕК (2025 жылы 7470.8 теңге).

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
