Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Миллион рет иә": 2025 жылғы "Қазақ аруы" қалыңдық атанды

Ақкербез Ысқаққызы қалыңдық атандыФото: instagram.com/aqkerbezm/

"Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы атанған Ақкербез Ысқаққызына сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қуанышты жаңалықты блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Миллион рет иә! Шексіз бақыттымын”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары блогер мен оның сүйіктісін жарыса құттықтап, ізгі тілектерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, блогердің сүйіктісі – Әкежан Айтбеков есімді спортшы.



Еске салайық, Қызылорда облысының тумасы Ақкербез Ысқаққызы – "Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы. Оған тәж және арнайы шапан тағылды. Дауыс берушілердің 30,04%-ы Ақкербезге дауыс берген. Алайда желі қолданушылары арасынан байқау әділетсіз өтті деп санағандар табылған еді. 

Ал былтыр Алматыда өткен "Қазақ аруы – 2025" ұлттық сұлулық байқауында Талдықорған қаласының атынан қатысқан Дәрия Қуатжан жеңімпаз атанған.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 06 Сәуір, 2026 10:40