Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2025 жылы студенттерге арналған стипендия мөлшері қалай артады

Ғылым және жоғары білім министрлігі осы жылы 1 қыркүйектен бастап елімізде студенттерге арналған стипендия мөлшері өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.соm

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап:

  • бакалавриат – 52 372 теңгеге дейін;
  • педагогика және медициналық бағытында білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін;
  • магистранттарға – 117 098 теңгеге;
  • докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.

Емтихан сессиясын "өте жақсы" тапсырған жағдайда жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.


Депутат университетте оқу ақысының жоғары екенін айтып, бағаны бақылауға алуды ұсынды


Еске салайық, бұған дейін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты грант ала алмағаны үшін ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берген талапкердің ісі бойынша шешім шығарды. Соттың мәліметінше, арызданушы ҰБТ нәтижелері бойынша 140 балдан 119 балл жинаған.

2024 жылдың 16 шілдесінде арызданушы М. Нархоз университетіне "B049 – құқық" бакалавриат мамандығы бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар тапсырған. Ұлттық тестілеу орталығының деректеріне сәйкес 2024-2025 оқу жылына "B049 – құқық" мамандығына 150 грант бөлінгені анықталды. Алайда ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен 30 грант талапкерлерге “төтенше жағдайдағы өңірлер үшін" квотасы бойынша берілген.

Талқылау