Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір дауыс үшін 2 555,8 теңге: 2025 жылы Қазақстандағы саяси партияларға қанша қаржы бөлінеді

Орталық сайлау комиссиясы 2025 жылы Қазақстандағы саяси партияларға бюджеттен 15,2 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

референдум

Фото: Stan.kz

Қаражатты есептеу жаңа формула бойынша жүргізіледі. Әрбір сайлаушының дауысына 0,65 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) бөлінеді.

2025 жылы АЕК 3 932 теңгені болды. Сондықтан бір дауыс үшін 2 555,8 теңге бөлінеді.

Сайлаушылардың 2023 жылғы дауыстары негізінде партияларға бөлінетін қаражат:

  • Amanat партиясы: 3 431 510 дауыс × 2 555,8 теңге = 8,7 миллиард теңге;
  • "Ауыл" партиясы: 693 938 дауыс × 2 555,8 теңге = 1,7 миллиард теңге;
  • Respublica партиясы: 547 154 дауыс × 2 555,8 теңге = 1,3 миллиард теңге;
  • "Ақ жол" партиясы: 535 139 дауыс × 2 555,8 теңге = 1,3 миллиард теңге;
  • Халық партиясы: 432 920 дауыс × 2 555,8 теңге = 1,1 миллиард теңге;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы: 331 058 дауыс × 2 555,8 теңге = 846 миллион теңге.

Жалпы сомасы: 15 262 519 420 теңге.

Бұрынғы формуламен есептегенде 85 000 теңге болып тұр, ол ең төменгі жалақының 3%-ы.
Бір дауыс үшін 2 550 теңге бөлінер еді. Бұл жағдайда жалпы сома 15 227 883 450 теңге. Жаңа формуламен салыстырғанда 3,4 миллион теңгеге аз болар еді.

Орталық сайлау комиссиясы жаңа формула қаражаттың инфляция деңгейіне байланысты өсіп отыруына мүмкіндік береді деп мәлімдеді.



Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда “Адал заман” атты жаңа саяси партия пайда болуы мүмкін екенін жазған едік. Оны заңгер, "Болашақ" стипендиясының иегері, халықаралық полиграфологтар қауымдастығының мүшесі Ержан Наурызбай бастап отыр. Әзірге партияның әділет министрлігінде тіркеуі де, қаржыландыруы да жоқ. Тек идея мен белсенділер тобы бар. Мақсаты – тиімді және әділ саяси-құқықтық жүйе мен халықтың жалпы әл-ауқатын қалыптастыру.

Талқылау