Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2025 жылы бюджеттен LRT құрылысына 300 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды

Фото: GTS

Бірінші несие бюросының дерегінше, биыл LRT құрылысына мемлекеттік бюджеттен 329,6 миллиард теңге жұмсалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

11 айдың қорытындысы бойынша әуежайдан жаңа теміржол вокзалына дейінгі LRT учаскесінің құрылысына республикалық бюджеттен 329,6 миллиард теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда қаржыландырудың айтарлықтай артқанын көрсетеді:

2023 жылы – 52,4 миллиард теңге;

2024 жылы – 28,4 миллиард теңге.

Қаражат Ұлттық қордан мақсатты трансферттер түрінде берілді.

Сонымен қатар, LRT құрылысына жұмсалған шығындар республикалық бюджеттің көлік және коммуникациялар саласына арналған шығындарының дерлік үштен бір бөлігі болды.



Айта кетейік, Алматыда LRT желісін 2040 жылға дейін салу тағы да жоспарланып жатқаны туралы жазған едік. Алайда 2020 жылы Алматы әкімі болған Бақытжан Сағынтаев қаржының жетіспеушілігіне байланысты қиындықтарға тап болғанын айтқан еді.

“Мәселе – қаржыландыруда. Бұл – аз қаржы емес, жүздеген миллиард теңге қажет. Қазіргі девальвацияны ескерсек, жобаның құны әлі нақтылауды талап етеді, қазір нақты қаржыны айту қиын. Біз жобаны әзірлеушілермен пікірталас жүргізіп жатырмыз, олар жобаны белгілі бір тәсілмен қаржыландыру қажет екенін алға тартады. Алайда мұндай ауқымды жобаны қалалық бюджет көтере ала ма деген сұрақ тұр”, – деген еді Сағынтаев.

2021 жылы Бақытжан Сағынтаев LRT құрылысына 300 миллион АҚШ доллары қажет болатынын айтып, жобаға қаржыландыру көздері керек екенін мәлімдеді.

2022 жылдың қыркүйегінде Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы жеңіл рельсті трамвай (LRT) желісіне қатысты нақты шешімдерді келесі жылдың сәуір айында ұсынатынын айтты. Сонымен қатар, бұл жоба қаланың көлік қаңқасын қалыптастыратын негізгі жобалардың бірі екенін атап өтті.

LRT-ның алғашқы желісі Төле би көшесі бойымен жүргізілуі жоспарланып, жоба 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспарға енгізілді. Бас жоспарға сәйкес, оны іске асыру мерзімі 2025–2030 жылдар аралығы ретінде белгіленген.

Ал 2023 жылдың сәуірінде қалалық мобильдік басқармасының басшысы Алматыдағы LRT жобасын жүзеге асыру үшін жаңа жоба қажет екенін мәлімдеді.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 31 Желтоқсан, 2025 13:35