2025 жылдан бастап кейбір смартфондарда WhatsApp жұмыс істемейді
2025 жылдан бастап кейбір смартфондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істемейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Meta компаниясы ескі Android телефондарында WhatsApp мессенджерін қолдауды тоқтату туралы шешім қабылдаған.
Gsmarena басылымының мәліметінше, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап шыққанына 10 жылдан асқан, Android KitKat жүйесімен немесе одан да ескі нұсқалармен жұмыс істейтін телефондардың иелері WhatsApp қосымшасын қолдана алмайды.
-
Адамдардың миы TikTok пен Reels көргеннен шіріп жатыр – Зерттеу
-
Алматыдағы жарнамалық экранда әлдекімнің WhatsApp хабарламалары ашылып кеткен (видео)
Мессенджер жұмысын тоқтататын телефондардың тізімі төмендегідей:
- Samsung: Galaxy S3, Galaxy Note 2, Galaxy Ace 3, Galaxy S4 Mini;
- Motorola: Moto G (1-нұсқа), Razr HD, Moto E 2014;
- HTC: One X, One X+, Desire 500, Desire 601;
- LG: Optimus G, Nexus 4, G2 Mini, L90;
- Sony: Xperia Z, Xperia SP, Xperia T, Xperia V.
Еске салсақ, бұған дейін Instagram киім мен артқы көріністі өзгертуге болатын жаңа технологияны таныстырған еді.
Алматыда оқу ақысы 6 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген