Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салық кодексіндегі өзгерістер Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығына қалай әсер етеді – Экономика министрі жауап берді

Жаңа салық кодексі жөнінде сұраққа премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

"Бәрі құрылыс секторының игілігі үшін... Бірақ өздеріңіз білетіндей, қазір оларға салық салынбайды. Ал құрылыс секторының айналасында салық жүктемесі өте төмен схемаларды көреміз. Сондықтан бұл ақтауға тиіс қадам деп ойлаймын. Оның үстіне, түбегейлі қысқартуға бел будық", – деді министр.

Министрдің сөзінше, мұнда құрылыс бизнесі тұрғысынан алғанда 12%, әсіресе қосылған құн салығы (НДС) бар. 

"Бағаларға келсек, біз несиелік және әлеуметтік тұрғын үймен байланысты бағаларды реттейміз. Бұл жерде ешнәрсе өзгермейді. Біз шаршы метрдің бағасын да реттейміз. Әсіресе, үкімет қаржыландыратын бағдарламалар шеңберінде реттеледі. Бұл үкімет қаржыландыратын бағдарламалар аясында, яғни "Отбасы Банкі" секілді жеңілдетілген бағдарламаларды, ипотеканы іске қосты. Олардың өзіндік саясаты және баға саясаты бойынша компаниялармен келісімі бар", – деді Нұрлан Байбазаров.



Нұрлан Байбазаров өзіндік және құрылыс компанияларымен баға саясаты бойынша келісім бар екенін атап өтті.

"Біз бұл жерде дәл қазір баға көтеріліп кетеді деген тәуекелдерді көріп тұрған жоқпыз. Оның үстіне бұл нақты нарық, бәрі сұраныс пен ұсынысқа байланысты. Сондықтан мұндай мәселелер болады деп ойламаймын. Халыққа қай жерде көмектесу керек екенін бақылаймыз. Министрлік әрдайым ипотека мен нарықтық сұраныстарды реттеп отырады. Егер адамның 16 және 18%-бен баспана сатып алуға мүмкіндігі болса, сұранысқа қарай өзгеріп отырады. Қандай жағдай болса да, бұл жерде адамның сатып алу қабілетіне байланысты", – деді экономика министрі.

Еске салайық, бұған дейін ұлттық статистика бюросы биыл сәуір айында Қазақстанның тұрғын үй нарығындағы орташа бағаны жариялағанын жаздық. Бюро баға индекстерін де көрсететін электронды кестені шығарды. Бюроның мәліметінше, жаңа баспананың шаршы метріне ең қымбат баға Астанада (575 214 теңге), Алматыда (567 357 теңге) және Шымкентте (416 111 теңге) болған.

Талқылау