2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көтерілді
Елімізде 2021 жылдың 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жасы бойынша және еңбек стажына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын азаматтар үшін 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 7 пайызға өсті.
2021 жылдан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 18524 теңгені құрамақ. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 4,6 мың теңгеге өскен.
Жалақының ең төменгі мөлшері, яғни 42 500 теңге өзгеріссіз қалды.
Қазақстан үкіметінің 2020 жылғы 9 қарашадағы қаулысымен Республика үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осы орайда мүгедектікке байланысты төлемдер келесідей өзгерді:
- І топтағы мүгедектер 1,92 еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни 62 723 теңге алса, 1 қаңтардан бастап 65 860 теңге алып жатыр.
- Ересек жастағы II мүгедек тобындағы адам 1,53 PM алуы керек.
- III топтағы ересек мүгедек адамға 1,04 еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде жәрдемақы беріліп жатыр. Оның мөлшері 35 675 теңгені құрайды, яғни, 1 700 теңгеге артты.
Жәрдемақы
2021 жылдан бастап бірінші немесе үшінші баланың туылуына берілетін бір реттік жәрдемақы 105,5 мыңнан 110,8 мың теңгеге дейін, төртінші және одан көп балаға - 175-тен 183,7 мың теңгеге дейін өсті.
Көп балалы аналарға ай сайынғы жәрдемақы да өскен:
- Төрт балаға - 44,5-тен 46,7 мың теңгеге дейін;
- Бес балаға - 55,6-дан 58,4 мың теңгеге дейін;
- Алты балаға - 66,8-ден 70,1 мың теңгеге дейін;
- Жеті балаға - 77,9-дан 81,8 мың теңгеге дейін;
- Сегіз балаға - 88,8-ден 93,3 мың теңгеге дейін;
- Тоғыз балаға - 100-ден 105 мың теңгеге дейін;
- Он және одан көп балаларға - 111,1-ден 116,6 мың теңгеге дейін.
Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) төлемі өзгеріссіз қалды - тағайындау үшін шекті табыс күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін есепке алынады.
1 қаңтардан бастап әскери қызметкерлерге және арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік қызметтердің тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге берілетін ай сайынғы қаражат - 3 739 теңгені құрайды.