Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2018 жылдың қаңтарына арналған жұлдыз-жорамал

Астрологтар 2018 жылдың басы барлық жұлдыз иелерінің өмірі қиындықтарымен күресумен басталатынын айтты. Дегенмен, барлығында да жеңіске жететін жеткілікті күш барын ескерте кетті.  Бұл жылы барлығыңыз да денсаулығыңызға басты назар аударғаныңыз жөн. Қаржыңызды уайымдамаңыз, ғалымдар экономикалық тұрақтылық болатынын айтты.

Тоқты. Бұл ай тоқтылар үшін жеңіл болады.  Мереке күндері жақын достар мен туыстардың жанында  болғаныңыз абзал. Әлі де еркін өмір сүріп жүрген тоқтыларға осы кезде айналасына мұқият назар аударғаны жөн. Қаңтарда әмияныңыз толықпайды, бірақ мүлде ақшасыз қаласыз деген сөз емес. Алаңдамаңыз, айдың соңғы жағында пайда болатын жақсы ақы төленетін жобалар мен бонустық төлемдер арқылы мерекеде жұмсаған қаржыңызды қайтарып алуыңызға мүмкіндік бар. Тоқтылардың өмірін бұзатын жалғыз нәрсе – ашуға жол беру. Ашудың жағымсыз әсерінен қашып құтыла алмайтын тоқтылар жаман көңіл-күйі мен кез-келген нәрсеге наразылығы арқылы отбасындағылармен сөзге келіп қалады. Сіз ренжіткен адамнан уақытында кешірім сұрап, өз кінәңізді ерте мойындауды үйреніңіз. Сонда ғана үйіңізде бейбітшілік орнайды.

Торпақ. Торпақтардың жаңа бастамарға жұмсайтын күш-жігері толық. Бұл ай ерекше нәрселерге әуестеніп, бойыңыздағы қабілеттеріңзді шыңдайтын уақыт. Осы кезде зиянды әрекеттеріңізден арылтатын мүмкіндіктер болады. Салауатты өмір салтын қолдап, белсенді өмір сүруге аяқ басасыз. Жүзу бассейніне жазылып, күнделікті достарыңызбен таза ауада серуендеуді жоспарлағаныңыз жөн. Бұл айда қалтаңыз молаяды деп айту қиын. Дегенмен, отбасыңызға көбірек көңіл бөліп, жұбайыңызға романтикалық кеш ұйымдасытырып, сезімдеріңізді білдіруді ұмытпаңыз.

Егіздер. Бұл белгі өкілдері шешім қабылдар сәтте абай болғаны жөн. Мейлінше, тәуекелшілдіктен арылу керек. Біреулер сізге оңай ақша табу жолын ұсынуы мүмкін. Мұндай сәтте шешім сізден. Сонда да, қандай шешім қабылдасаңыз да күдікпен қарап, ойланып іске көшкеніңіз абзал. «7 рет өлшеп, 1 рет кес» деген мақал осы айда сізге арналған. Астрологтар қандай жағдада да отбасы мүшелерімен ақылдасып әрекет жасағаныңызды дұрыс деп санайды. Адамдармен сөйлескенде намысына тиіп кетпеуді, олармен сөзге келіп қалмауды ойлаңыз.

Шаян. Қаңтар айы шаяндар үшін оптимистік уақыт. Сіздің барлық жағынан табысқа жету ықтималдығыңыз жоғары. Сәттілік тек қызметте ғана емес, отбасы жағдайында, романтикалық қарым-қатынаста да күтіп тұр. Қызметтік беделіңіз өсіп, жалақыңыз көтеріледі. Бұл айда біліміңізді арттыратын курстарға немесе тренингтерге жазылсаңыз пайдалы болар еді. Шаяндардың денсаулығы бірқалыпты болады. Дегенмен, мереке күндері сақ болыңыз.

Арыстан. Жылдың басында арыстандар жеке бас мәселелерін өзі шешуіне тура келеді. Мәселе шешуде отбасы мүшелері мен әріптестеріңізден көмек сұрамағаныңыз абзал. Себебі, мәселе ушығып кетуі мүмкін. Бірақ, есіңізде болсын: кез келген мәселеден шу шығарып, ілік іздеудің қажеті жоқ. Арыстандар ішкі түйсігі мен өзін-өзі жақсы басқаруының арқасында барлығын жеңе алады. Алғашқы айда жақсы ақша табасыз, қажет болса көбірек пайда әкелетін жаңа жұмысқа ауысуыңызға да болады. Жаңа қызметтерден қорықпаңыз. Арыстандар өзіне таныс емес сала болса да кез келген қиындықтың шешімін оңай таба біледі.

Бикеш. Бұл жұлдыз өкілдері өзіндегі кремет түйсігі арқылы кез келген қиындықтың шешімін табады. Егер жасаған әрекетіңіз күмәніңізді тудырса – бұл қадамнан бас тартыңыз. Ал, бастаған ісіңізден жақсы нәтиже болатынын сезсеңіз ештеңеге қарамастан алға қадам басыңыз. Сіздің түйсігіңіз алдамайды. Тағдыр сіздің материалдық жағдайыңызға ғана емес жеке өміріңізге де сәттіліктер сыйлайды, тек – оны жіберіп алмаңыз.

Таразы. Қаңтардың алғашқы күнінен бастап туыстарыңыз бен жақындарыңыздың жанында болғаныңыз жөн. Ең бастысы, айналаңыздағы адамдар мерірімді болсын. Олар сіздің қиын жағдайыңызда да, қуанышты сәттерде де жаныңыздан табылады.Тарзылардың көңіл-күйі аса жақсы бомайды. Күйзеліске түскен уақытта таразыларды тек жақын туыстары ғана құтара алады. Сонымен қатар, басқа қалаға саяхаттау, табиғат аясында демалу жағдайыңыздың жақсаруына көмектеседі. Жаңа адамдармен де танысу айтарлықтай пайдасын  тигізеді.

Саршаян. Алдыңызға қойған мақсаттар орындалады. Тек оған ниетіңіз бен күшіңіз жеткілікті болуы керек. Және оның орындалуы үшін оның қандай екені маңызды емес: отбасы, жақсы жұмыс, саяхат, көлік бәрі-бір. Саршаян өкілдері тәуекелшіл және мықты төзімділіктің басты мысалы бола алады. Кездескен қияндыққа төзімділік танытпағандар жеңіліске ұшырап, ісі алға баспай қоюы да мүмкін.  Тіпті, керемет мүмкіндіктен де айырылып қалуы ықтимал. Және де имиджіңізді өзгертіңіз, жаңашыл, креативті болуға тырысыңыз. Ит жылы сіздің түр-келбетіңізің өзгеруіне әкеледі.

Мерген. Жыл басталғаннан бастап, мергендер моральдық та, физикалық тұрғыдан да шаршаңқы күй кешеді. 1-2 күн демалыс алыңыз. Денсаулығыңыз бен ата-ана, жақындарыңызға көп уақытыңызды бөліңіз. Ең дұрысы, бұрын барып көрмеген жерлерге саяхаттаңыз, табиғат аясына, шаңғы тебуге, әсем ормандарға барыңыз. Саяхат – өмірге деген көзқарастарыңызды жақсы бағытқа бұрып, күш жинап, белсенді болып, күйзелістен арылады.

Тауешкі. Жылдың басы сіз үшін шулы әрі қызықты өтеді. Бұл уақытта сіз бір кездері елемей қалып кеткен мәселелерді шешуіңізге тура келеді. Іскерлік қызметіңізге ғана емес отбасылық мәселелерге, достарға, туыстарға, жұбайыңызға басым көңіл бөлгеніңіз жөн. Жолыққан кез келген іске жауапкершілікпен қараңыз. Мейлі ол сіз үшінқарапайым мәселе болса да. «Кейін» деген сөзді қолданудан аулақ болыңыз. Кез келген жағдайда жақындарыңыз бен өз түйсігіңізге ғана сенім артыңыз.

Суқұйғыш. Сіз үшін жылдың басында барлық жағынан тыныштық орнайды. Кішкене қалыптасқан жағдайды өзгерткеніңіз жөн. Тек, оған біраз күш керек. Көптеген істе суқұйғыштардың әрекеттері мен шешімі маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, жеке өміріңіздегі пассивті жағдайдың белсенділігін арттырыңыз. Батыл қадамдарға барыңыз. Алғаш болып қадам жасаңыз. Сезімдеріңізді мойындаудан жасқанбай, өзіңізге керек жауаптар алыңыз.

Балықтар. 2018 жыл балықтардығ басты ұраны – ағынмен жүзу. Қаңтардың басында өмірлері тыныш басталады. Бұл уақытта балықтар маңызды шешім қабылдау мен жауапкершіліктен құтылады. Соған қарамастан, жақсы ақша табудағы мүмкіндіктер мен болашақ жұбайыңызды табуда қырағылықты жоғалтпағаныңыз жөн. Сонымен қатар, балықтар жаңа танысқан достарына келгенде адал әрекет еткені абзал.

Талқылау