2018 жылдан бастап көп балалылар мен аз қамтылған отбасылардың бәрі бірдей жәрдемақы ала алмайды
Үкімет үнемдеуді аналардың жәрдемақысын жұлмалаудан бастады ма? Көбейетіні қайда?,-деп жазды 31 арна.
Атаулы көмек алу үшін, қайда, қанша құжат өткізу керек? Жәрдемақы алу үшін, жалақыны есептеу аналардың ашуын туғызды.
Жұлдыз – көп балалы ана. Бес баласының бірі – жасқа толмаған, екіншісі мүгедек. Ұлының мүгедектігі үшін алатын пенсиясы – өзінің еміне кетеді. «Ал, жолдасымның тапқаны – тамағымыздан артылмайды» – дейді. Кенжесі үш айлық, сондықтан осы уақытқа дейін төрт баласы үшін, 9900 теңге алып келген.
Рамазан есімді ұлы дүниеге келгелі өткізген құжаттарынан әзірге хабар жоқ. «Биылдан бастап, көп балалы ана ретінде алатын жәрдемақыны екінің бірі ала алмайды екен» – деген хабарды естігелі мазам қашты. Үкіметке менің онсыз да жетпей жүрген 9900 теңгем неге керек болды екен деп, – уайымдап жүрмін дейді.
«Жоқ, жетпейд. Көмір алайық десек, тоннасы 16 мың, доставкасы 10 мың. Қазір біз мешоктап алып отырмыз. Әрі тартсаң да, бері тартсаң да жетпейді. Балалар ет жегісі келеді. Еттің өзі қымбат. 1500-1800 теңге. Етсіз тамақ пісірсең, мама неге дейді. Қазір ет бар, тауықтың еті бар, құдайға шүкір»,-дейді көп балалы ана Жұлдыз Аманжолова.
Барына қанағат жасап, 9000 теңгесіне тәуба айтып жүрген Жұлдыздың жәрдемақысы сақталады екен. Оны, көп балалы аналардың жанайқайын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жеткізгенімізде, білдік. Яғни, осы күнге дейін көп балалы ана ретінде құжаттарын өткізіп келген аналардың алып жүрген жәрдемақысы сол күйінде қалады.
«Бұған дейінгі көп балалы отбасылар алып келген жәрдемақыны балалары 18 жасқа толғанша, тиісті жәрдемақысын ала береді. Тек 2018 жылдан бастап, жаңа құжат тапсыратын кезде, қабылданбайды»,-дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз қызметінің басшысы Нұрлыбек Жеңісбек.
Яғни осы қаңтардан бастап, көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемі өзгереді. Дұрысы, көбейеді. Бірақ мұндай мүмкіндік бәріне бірдей берілмеуі мүмкін. Өйткені, жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен отбасылар ғана алады.
«27 мың теңгенің 50 пайызы 14 мың теңге болады. Сонда әрбір жан басы нулевой доход болса, әрбір отбасы мүшесі 14 мың теңгеден мемлекеттен қаражат алатын болады»,-дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
Ал, үйге кіретін ортақ табыс көлемі жан басына шаққанда, 14 мың теңгеден асып кетсе, көп балалы отбасыға жәрдемақы берілмейді деген сөз.
Мысалы, бес жаннан тұратын отбасының барлық кірістерін есептегенде, 62 500 теңге десек, әр жанға бөлгенде, 12 500 теңгеден айналады. Енді осы соманың күнкөріс деңгейінің 50 пайызына жетпейтін бөлігін мемлекет төлейді. Яғни адам басына 1642 теңгеден айналады.
«14 мың 142, 12 500-ді аламыз. 1642 -ден әр адамға. Бес адамға көбейтеміз. 8210 теңге әр айға»,-дейді «Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» мекемесінің директоры Жамалдин Құсайынов.
Яғни бұл цифр – әр отбасыға кіретін кірістің көлеміне қарай өзгеріп отырады. Бірақ ол кіріс үйдегі әр жан басына шаққанда, 14 мың теңгеден асатын болса, жәрдемақы сізге берілмейді деген сөз.
Бұл дегеніңіз биылғы жәрдемақы үшін өткізілетін құжаттардың қатарында табысыңызды растайтын құжатты да өткізуі қажет болады деген сөз. Сонымен жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін, мына құжаттарды өткізесіз.
Оқи отырыңыз:
Алматыда 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алған екі полицей ұсталды
Астана вокзалында жезөкшелер ордасын құрған “жеңгетай” мен сыбайластары сотталды
Бекболат Тілеухан 11 баланың әкесі екенін жасырмай айтты
Малайзияда 3000 оқушының ішінде қазақ қызы математикадан бірінші орын алды