Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылы шығатын таңғаларлық 5 технология

2017 жылы шығатын ең футуристік сипаттағы технологияларды назарларыңызға ұсынамыз.

cbdadbd8c26f01944e86438f276

Samsung-тың бүктелетін телефоны

Биыл Самсунг компаниясы Galaxy S8 және S8 edge телефондарынан бөлек бүктелетін экраны бар жаңа телефондар шығара бастайды, деп жазады ET News. Әзірге телефонның қанша тұратыны туралы нақты мағлұмат жоқ.

cbae1809460aecdaf21999478f7

Селфи арқылы төлем жасау

Alibaba компаниясы 2017 жылы селфи арқылы төлем жасау технологиясын енгізуге уәде берді. Компанияның негізін салушы Джек Ма 2015 жылдың өзінде CeBit конференциясында бұл технологияны таныстырған еді. Аталған жаңалық арқылы төлем карталарына жасалатын хакерлік шабуыл секілді қатерлерді айналып өтуге болады.

837ebcb0954f7f75d4443e07775

Қолжетімді реактивті сөмкелер

Жаңа Зеландиялық Науtin Aircraft 2016 жылы Personal Jetpack атты реактивті сөмкелер шығаратынын айтқан еді. 2017 жылы бұл тауар түрлері нарыққа шықпақ. Сөмкенің құны 150 мың доллар. Сөмке иесі бұл сөмке арқылы өзі де ұша алады немесе тауарды салып, өз бетінше ұшырып жібере алады. Аталған реактивті сөмке сағатына 74 шақырымға дейін алады.

70ae90dc514f90d41c9a6c3ed97

Алғашқы робот-полиция

2017 жылы БАӘ-де әлемдегі алғашқы робот тәртіп сақшылар «қызметке кіріседі». Роботтың бетіндегі сенсорлы экран қарсы алдындағы адамның түрі мен даусын ажыратып, сауалдарға жауап беру қабілетіне ие. Қолдан жасалған тәптіп сақшылары алдымен Дубайдағы Бурдж-Халифа ғимараты мен туристік орындарда пайдаланылады.

ee57114bd5fab55170177d50b57

Айға алғаш рет жеке меншік компанияның ұшуы

Американдық Moon Express компаниясы 2017 жылы Айға ұшпақшы. Бұрындары мұндай қадамға тек мемлекеттік корпорациялар баратын еді. The Guardian басылымының мәліметінше, миссия жазда басталады. Егер сапар сәтті болса, Moon Express Google-дан 20 млн доллар алады.

Егемен Қазақстан газеті

Жіберіп алмаңыз:

Ұтыс санын түсінде көрген канадалық лотереядан төрт миллион доллар жеңіп алды

Шетелдік ғалым Марстан түкті маймыл-өрмекшіні байқап қалған

Ит көлік қағып мерт қылған серігінің қасынан кете алмай жүр

Әжей 63 жылдан бері құм мен қиыршық тас жеп келеді (видео)

Талқылау