2017 жылы Қазақстанда қандай жолдар ақылы жүйеге енеді
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ағымдағы жылы Қазақстанда ақылы жүйеге ауысатын жолдар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жобалардың аяқталуына қарай кезең-кезеңмен жолдарға ақылы жүйені енгізу ескерілген. Осы орайда жолдарды күтіп ұстау қамтамасыз етіліп, бюджетке жүктемені төмендетеді. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2020 жылға қарай ақылы жүйе 6 мың шақырымға, ал кейіннен 7 мың шақырымға дейін енгізіледі. Ағымдағы жылдың желтоқсанында «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай», «Алматы-Қорғас» учаскелерінде төлем жасау жүйесі іске қосылады. Осы жолдардың жалпы қашықтығы 500 шықырымға жуық», – деді министр Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында.
«Тариф құны өзгерген жоқ, яғни жеңіл автокөлік үшін шақырымына 1 теңге, ал жүк көліктеріне 6-дан 10 теңгеге дейін. Осы ретте бюджеттік қаржыландырусыз жолдың сапалы деңгейін сақтауға мүмкіндік бар. 2022 жылға дейін 7 мың шақырым жолды ақылы еткеннен кейін, барлық жолдарды республикалық бюджеттің қатысуынсыз күтіп ұстай аламыз деп пайымдаймыз», -деді министр.
Жіберіп алмаңыз:
«Эйр Астана», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы» компанияларының акциясы сатылмақ
Өзгелерді террорлық ұйымға тартқан 6 теміртаулық азамат іздестіріліп жатыр (фото)