Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылы әлем бойынша 65 журналист қаза болды

Жанкешті журналистер туралы  «Шекарасыз репортерлар» халықаралық ұйымының жыл сайынғы есеп беруінде айтты.

Олардың шамамен жартысы қызмет бабында көз жұмса, кейбірі материалдары саяси не қылмыстық мүдделерге қауіп төндіргендіктен қасақана өлтірілген.

Құжатқа сәйкес, Сирия, Мексика, Ирак пен Ауғанстан журналистер үшін ең қауіпті елдер саналады. Ал жыл басталғалы 320-дан астам журналист қамауға алынды.

54 журналисті қаскөйлер қазір тұтқында ұстап отырса, екеуі жоғалып кеткен.

Айта кетейік, «Шекарасыз репортерлар» ұйымының мәліметіне сәйкес, былтыр бүкіл әлем бойынша 74 журналист қызмет бабында көз жұмған болатын.

Тағы оқыңыз:

Жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, оның құлаған сәті видеоға түсіп қалған (видео)

 

Талқылау