"20 жыл бұрын келіппіз": Жазира Байырбекова әріптесі Сәкен Майғазиевтің келінін танитын болып шықты
Фото: Stan.kz
Танымал әнші Жазира Байырбекова әріптесі Сәкен Майғазиевтің келінін танитын болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иелері Жаңаөзен қаласына құда болып барды.
“Бүгін Сәкен мен Динараның ұлы Әділеттің құдалығындамыз. Жаңаөзен қаласында отырмыз. Ең қызығы, осыдан 20 жыл бұрын осы әулетке Жанболат екеуміз қонаққа келіп, ән айтыппыз. Ол кезде Әдия енді ғана туған, бөпе екен. Өмір қандай?! Міне, енді құда болып келіп отырмыз”, – деп жазды Жазира Байырбекова.
-
"Әке болуға дайын": Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісімен көзге түсті
-
"Әлеуметтік желіден естідім": Сәкен Майғазиев ұлының үйленуіне қатысты пікір білдірді
Айта кетейік, Майғазиевтер әулетінің келіні жаңаөзендік ару екенін жазған едік.
“Әділетпен араласып жүргенімізге 9 ай болады. Бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Жасым 20-да. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде туғанмын. Кейін Ақтау қаласына көштік. Қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Мамандығым – қонақүй бизнесі. Колледж бітіргенмін”, – деген еді болашақ келін.