20 жастағы жігіттің анасы ұлының Ақтөбедегі өрт кезінде қаза болғанын білмейді
Ақтөбе облысында болған трагедия кезінде бір үйдің екі баласы өртеніп кеткен. Ағалы-інілі азаматтар Шохидон ауылының азаматтары. Бұл туралы «Өзбекстан жаңалықтары» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Фото: nuz.uz
20 жасар Шохрух Закиров пен 19 жасар Мухаммадин Хусниддинов Ресейге жұмыс істеуге бара жатқан. Туыстарының айтуынша, Закиров бұрындары да Мәскеудегі түріктердің құрылыс компаниясында жұмыс істеген екен.
Марқұмның әкесі ауылдық жұрттың өрттен аман қалған бір азамат туралы айтып жүргендерін сөз етті.
«Чиндовуд ауылының бір тұрғыны басқа көлікке отырып, тірі қалыпты-мыс. Ол сосын Ресейден жақындарына телефон шалған екен. Алайда, ол да қайтыс болғандардың тізімінде тұр»,- дейді Закировтың әкесі Тохиржон Рахимов.
«Әйелім әзірге ештеңе білмейді – оған бұл жайында айтуға қорқамыз, оның денсаулығы нашар. Анасын Шохрух қатты сырқаттанып қалыпты деп алдадық»,- дейді марқұмның әкесі.
Еске сала кетейік, 18 қаңтарда Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Самара – Шымкент тасжолында автобус өртеніп, нәтижесінде 52 өзбекстандық мерт болған еді. Оқиға орнынан жанармайы бар ыдыс пен дәнекерлейтін шам табылған.
Жіберіп алмаңыз:
Алаяқтар Ақтөбедегі трагедияны баю мақсатында пайдаланбақ болды
Ақтөбеде тірідей жанып кеткен өзбек азаматтарының отбасына көмек көрсетілетін болды
Ауғанстандағы терактіде қайтыс болған Қазақстан азаматының артында екі баласы қалды
Қазақстанға көшіп келген америкалық қазақтарға бау-бақшаның қыр-сырын үйретуде