20 жастағы ресейлік студент қыз пәктігін сатып оқу ақысын төлемек (фото)
20 жастағы студент Ариана тәуекелге бел буып, пәктігін аукционға қойды. Оның пәктігінің бастапқы бағасы 168 мың доллар. Қыздың өзі ақшаның оқу ақысын төлеуге қажет екенін айтады.
Бұл туралы dailymail.co.uk хабарлайды.
Ариана өзінің бой жеткенін, барлық шешімді өзі қабылдай алатынын айтады.
«Көптеген студенттер оқу кезінде қатты қиналады. Олардан оқу ақысын оқу жылы басталысымен сұрайды. Мен шетелге кетіп, пәтер жалдап тұрғым келеді», – дейді Ариана.
«Менің бұл қадамым – ақша табудың оңай жолы. Алайда қаржы мәселесін шешу үшін осылай істеуге тура келді. Көп уақыт қалаған адамымды жолықтыратын шығармын деп ойладым. Бірақ сүйген адамымды кезіктіре алмадым. Әбден ойланып болған соң осындай шешімге келдім», – дейді студент.
Ол ата-анасының жағдайы жақсы емес екенін ескеріп, әрі шетелде оқуға мүмкінді алу үшін осындай шешімге келген.
Ариананың құрбысы Лолита да осындай шешімге келген екен. Алайда оның пәктігін сатуға не себеп болғаны сайтта көрсетілмеген. Ол өзімен жақындасар алғашқы адамнан 169 мың доллар сұрап отыр.
Жіберіп алмаңыз:
17 жастағы “Мәскеу аруы” пәктігін сату үшін Дубайға кетті (фото)
Эквадорда трансгендерлер жұбының сәбиі пайда болды (фото)
Қызойнағында танымайтын жігітпен сүйіскен қалыңдық күйеу жігітінен айырылды (фото)
Аргентиналық әйелдер ел парламентінің алдында тыр жалаңаш шешінді (фото)