Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 жастағы қазақстандық шахматшы халықаралық турнирде күміс жүлде жеңіп алды

ШахматФото: “Қайрат” фк

Сан-Бой-де-Льобрегат (Испания) қаласында өткен VI Elllobregat Open халықаралық шахмат турнирінде 20 жастағы қазақстандық шахматшы Меруерт Камалиденова әйелдер арасында күміс жүлдеге ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бастапқы рейтингте 2343 ұпайымен 63-орында тұрған Камалиденова 9 турдан 6 ұпай жинап, 33 елден келген 132 қатысушының ішінде жалпы есепте 24-орынды иеленді.

Әйелдер арасында бәсекеде ол тек үндістандық Вантика Агравалға жол беріп, турнирдің вице-чемпионы атанды. Ол бұл жеңісі арқылы 300 еуроға ие болды.

2025 жыл Камалиденова үшін  табысты жыл болды деп айтуға негіз бар. Меруерт сәуір айында Азияның 3-4 аймақтық чемпионатында қола жүлде еншілеген. Ал мамырда әйелдер арасындағы ел біріншілігінде қола, әлем чемпионатында ФИДЕ блицтен командалық және жекелей сында күміс медаль жеңіп алған.

Сонымен қатар әйелдер арасындағы Әлем кубогінің 1/8 финалына шығу және 2023 жылғы әлем чемпионы Александра Горячкинаны айқын басымдықпен жеңді. Оның бұл жеңісі басты сенсациялық жеңіс ретінде тіркелді. Бұған қоса әйелдер арасындағы әлем чемпионатында командалық 4-орын және 2-доскадағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді.

 

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025 23:28