20 жастағы қазақ футболшысы Нұрәлі Жақсылықты ресейлік клубтар қатарына қосқысы келеді
Ресейлік “Зенит” пен “Краснодар” футбол клубтары қазақстандық шабуылшы Нұрәлі Жақсылыққа қызығушылық танытуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kazakh Football сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: instagram.com/fca.astana
РПЛ клубтары шабуылшыны қысқы трансферлік терезе кезінде қатарына қосу үшін келіссөздер жүргізуде. Айта кетейік, санкт-петербургтық “Зенит” футбол клубының құрамында отандасымыз Нұрәлі Әліп өнер көрсетеді.
Нұрәлі Жақсылық 2023 жылы футболдан Қазақстан премьер лигасында ең жас гол соққан ойыншы атанған еді. Сол жылы қостанайлық “Тобыл” футбол клубынан елордалық “Астана” клубына ауысып келген шабуылшы алғашында жастар құрамында ойнады. Былтырғы маусымда Жақсылық “Астананың” негізгі командасы сапында барлық турнирлерде 15 ойын өткізді.
Қазір Transfermarkt порталында Нұрәлінің бағасы 1 миллион еуроны құрайды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

