Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 жастағы бойжеткен қайтыс болған сүйіктісіне тұрмысқа шықты

Анчал қайтыс болған сүйіктісіне тұрмысқа шығуФото: StanislavBeloglazov / Shutterstock / Fotodom

Үндістанда 20 жастағы Анчал есімді қыз қайтыс болған сүйіктісіне тұрмысқа шығу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

India New England News мәліметінше, жерлеу рәсімі кезінде ол дәстүрлі некелік жоралғыны орындап, марқұмның денесіне куркума жаққан және маңдайына синдур – қызыл жолақ түсірген. Үнді мәдениетінде бұл ерлі-зайыпты болғанының белгісі. Осылайша Анчал қоштасудың соңғы сәтінде Сакшам Тейтпен некесін қидырды.

Жігіт Анчалдың отбасымен келіспеушілік салдарынан қаза болды. Қыздың әкесі мен ағалары кастааралық некеге қарсы болып, Сакшамның басын таспен ұрып, кейін атыс қаруымен атып өлтірген.

Сүйіктісінен айырылған Анчал енді оның үйінде жесір ретінде өмір сүретінін айтты. Оның сөзінше, бұл шешім махаббатының өлімнен де күшті екенін дәлелдеу.

“Біздің махаббат жеңді. Сакшам өлсе де, әкем мен ағаларым жеңілді”, – деді ол.

Полиция қылмысқа қатысы бар алты адамды тұтқындады. Анчал туыстары ең жоғары жазаға тартылсын деп талап етіп, сүйіктісі үшін әділдік орнауын сұрап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін жол апатына түсіп жадынан айырылған ер адам тағы да апатқа түсіп, 45 жылдан кейін өткенін есіне түсіргені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сейсенбі, 02 Желтоқсан, 2025 23:03