Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"20 мыңнан астам жүргізушінің табысы азаяды": Қазақстандық такси паркінің өкілдері бизнесінен айырылып қалудан қорқып отыр

Елімізде такси компаниясының өкілдері арнайы салық режимі жойылса бизнесінен айырылып қалудан қорқып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

Такси қауымдастығының мәліметінше, еліміздің жүз мыңнан астам азаматы такси және курьерлік қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Қазір бұл адамдар жеңілдетілген жүйе бойынша салық төлейді. Алайда жаңа салық кодексінің қабылдануы қиындықтар туғызуы мүмкін дейді сала өкілдері.

"Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің такси және жолаушылар көлігін жалға беруді такси компанияларының бөлшек сауда салығын пайдалануынан оңайлатылған салық салудан алып тастау сала және тұтастай алғанда экономика үшін жағымсыз салдарға әкеп соғады. Жүргізушіні жалға алу ақысына қосылған құн салығының 16 пайыздық мөлшерлемесі енгізілсе, 20 мыңнан астам жүргізушінің таза табысы 10 пайызға төмендеуі мүмкін", – дейді "Яндекс Такси" компаниясының Қазақстандағы басшысы Тайыр Байдүйсен. 

Агрегаторлардың сөзінше, такси компанияларының саны азаяды. Қазір олардың үш жүзден астамы бар.

"Біздің бизнес маржиналды емес. Лизингтік төлемдер кезінде орта есеппен 8-10 пайыз маржа түседі. Ал лизингтік төлемдер 3-4 жыл. Егер қосылған құн салығының 16 пайыздық мөлшерлемесі енгізілсе, оның өзі салық төлемдерін жабуға жетпейді", – дейді "Region Такси" басшысы Никита Жиляев. 

Respublika партиясының тең төрағасы Максим Барышевтың сөзінше, негізгі қиындық көліктерді жалға алуда болып тұр.

"Әдетте жалға алынған көліктер лизинг жүйесі арқылы беріледі. Егер Қосылған құн салығы енгізілсе, онда айырмашылық лизинг жүйесі бойынша өтелуі керек. Бұл лизингтік компаниялар бірден провизияларды қалыптастыруға және такси компаниялары үшін кепілдік талаптарын арттыруға кіріседі дегенді білдіреді", – дейді Барышев. 

Салық өзгерістері соңғы тұтынушыларға да әсер етеді. Жаңа тарифтер енгізілгеннен кейін таксилердің құны көтеріледі. Сала өкілдері мұның қаншалықты рас екенін әлі болжауға дайын емес.

Такси компанияларының басшылары үкіметтен жеңілдіктерден айырылмауды және бұрынғыдай жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұрап отыр.

Талқылау