20-дан астам адамды алдаған: Экс-жаттықтырушы Астанадағы фитнес орталыққа жалған сертификаттар сатқан

Фото: Pixabay.com
Астана тұрғыны фитнес орталыққа абонемент деп жалған сертификат сатқаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұрынғы жаттықтырушы тұрғындарға танымал фитнес орталықтарының біріне жылдық абонемент деп заңды күші жоқ сертификаттарды сатып жіберген.
“Ол тиімді ұсыныс айтқандай болып, 150 мың теңгеге сертификат беретінін, ал оның нақты құны шамамен 700 мың теңге екенін айтқан”, – делінген хабарламада.
Фитнес орталыққа келген кезде жәбірленушілер сатып алған сертификаттарының жарамсыз екенін біліп, құқық қорғау органдарына хабарласты. Экс-жаттықтырушыға 24 адам алданған, келтірілген залал 3,5 миллион теңгеден асады.
Жәбірленушілерге келтірілген мүліктік залалдың өтелуі және жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың жоқтығы ескеріліп, алаяққа пробациялық бақылау белгіленіп, 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"