Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"2 жер телімі, пәтер мен BMW Х6 мен RAV 4 көліктері": Астанада шенеуніктер бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаражат жымқырды (видео)

Астанада Сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мен мердігер ұйым басшысына қатысты 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды. Осыған қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Қаржы мониторинг агенттігі 2023–2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында сот-сараптама органдарын материалдық-техникалық жабдықтау мақсатында республикалық бюджеттен 10,3 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеді. 

2023–2024 жылдары Сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мүдделі топпен алдын-ала келісіп, бюджет өтінімін қалыптастыру кезінде жалған коммерциялық ұсыныстар ұсыну арқылы жабдықтың құнын үш есе арттырған.

Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланбай тұрып, техникалық сипаттамаларда тек өздері танитын компаниялар ғана ұсына алатын жабдықтар көрсетілген.

“Мүлікті тәркілеу мақсатында жалпы құны 148 млн теңгеден асатын Алматы қаласындағы 2 жер телімі, Астана қаласындағы пәтер және BMW Х6 мен RAV 4 автокөліктеріне тыйым салынды. Сонымен қатар банк есепшоттарындағы 1,6 миллиард теңге, 367 мың доллар және 366 мың еуро сомасындағы компанияның ақша қаражаты бұғатталды”, – делінген хабарламады.

Құқықтық сараптама орталығының директоры, мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы және ЖШС басшысы ұсталып, сот оларды 2 айға қамауда ұстау туралы шешім қабылдады.



Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Бұған дейін Ақтөбеде 1,3 миллиард теңгеге салынған веложолаққа байланысты шенеунік сотталған еді. 

Талқылау