2 жасар бала әкесінің тапаншасымен ойнап отырып, анасын атып өлтірді (видео)
Видеодан скрин
Бразилияда екі жасар бала әкесінің тапаншасымен ойнап отырып, абайсызда анасын атып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Риу-Верде-ди-Мату-Гросу қаласында болған.
Екі жасар бала үстел үстіндегі қараусыз қалған 9 мм калибрлі Glock тапаншасын қолына алған. Сол сәтте ата-анасы үйдің маңында сөйлесіп тұрған. Бірнеше секундтан кейін сәби шүріппені басып жіберген, оқ 27 жастағы әйелдің қолы мен кеудесіне тиіп, ауыр жарақаттаған.
Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Қазір марқұмның күйеуі, қарудың заңды иесі ретінде "абайсызда кісі өлтіру" бабы бойынша айыпталып отыр. Құқық қорғау органдары тапанша мен оқ-дәрілерді тәркіледі. Қазір баланың әкесінің қолында қала ма әлде мемлекет қамқорлығына беріле ме деген мәселе талқыланып жатыр.
Талқылау

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
1 тамыздан бастап үлескерлерге салынып жатқан ғимараттардағы тұрғын үй үшін қолма-қол ақша төлеуге тыйым салынады

“Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы ерекше өткен тойы мен салты туралы айтып берді
Айгерім: “Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”