"70 мың халқы бар қаланың энергия тұтынуымен тең": ШҚО-да майнинг кәсіпорындарына электр энергиясын сатқандар ұсталды
Фото: Видеодан скрин
Қаржы мониторингі агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесіп 9 миллиард теңгеден астам сомаға электр энергиясын заңсыз сату фактісін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, майнинг кәсіпорындарына электр энергиясын сату тек бірыңғай мемлекеттік сатып алушы арқылы және 1 мегаватт-сағаттан аспайтын көлемде жүзеге асырылуға тиіс.
Алайда бірқатар энергиямен жабдықтаушы компаниялар екі жыл қатарынан халыққа, әлеуметтік нысандар мен стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарға арналған электр энергиясымен майнинг кәсіпорындарын заңсыз түрде қамтамасыз етіп келген.
Жалпы заңсыз жұмсалған электр энергиясының көлемі 50 мегаватт-сағаттан асады. Бұл – 50-70 мың халқы бар қаланың энергия тұтынуымен тең көрсеткіш.
Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушы елордадан 2 пәтер және 4 автокөлік сатып алған. Олар мүмкін болатын тәркілеу мақсатында сот санкциясымен бұғатталды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Қылмыстық-процесуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Қазақстандық ер адам криптовалютадан заңсыз 400 миллион теңге пайда тауып, Дубайға қашып кеткен
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында майнинг техникасының жоғалып кеткені үшін 28 полицей жазаланғанын жазған едік. Жауапқа тартылған қызметкерлердің тізімі желіде пайда болды. Оның ішінде қатардағы тергеушілер де, жоғары шенді офицерлер де бар. Сондай-ақ олардың қандай нақты бұзушылықтары үшін жазаланғаны көрсетілген. Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қызметінен босату туралы хаттама берді. Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, оның екі орынбасары, сондай-ақ түрлі басқармалардың бастықтары мен орынбасарлары қатаң сөгіс алды. Түлкібас РПП аға тергеушісі, ОПҚ бастығы және Түлкібас РОП бастығының бірінші орынбасары қызметтерінен босатылды.

"Түнде көмек сұрап шыңғырған": 16 жасар қыздарының кісі қолынан мерт болғанын жақындары үш жылдан бері дәлелдей алмай жүр
